1.Қазақстан жер қыртысында қанша пайдалы қазбалар бар?
2. Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?
3. Кен орны дегеніміз не?
7.Бағалау кезеңі
Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
Мәтінді оқып, соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу.
Сабақ №17
Күні:
Сынып: 8
Тақырыбы: Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар
Мақсаттары: Білімділік. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар туралы білімдерін қалыптастыруды одан әрі дамыту. Қазақстанның пайдалы қазбалардың жекелеген түрлері жөнінен дүние жүзіндегі алатын орнын көрсету. Қазақстанның негізгі қазба байлықтарының кен орындарымен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру
Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Оқушыларға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде, сондықтан да оларды тиімді әрі кешенді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім-тәрбие беру.