Мақсаттары: Білімділік. Оқушыларға Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру. Күн радиациясының түрлерімен (тура, шашыранды, жиынтық) таныстыру. Қазақстан аумағында күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсіндіру.
Дамытушылық. Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту..
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.