Сабақ №37 Күні: 05.02.10/27.01.10 Сынып: 8 А, Б
Тақырыбы: Қазақстанның топырақ жамылғысы.
Мақсаты: Білімділік: Топырақ және оның пайда болуы. Оқушыларға топырақ қабаттарының түзілу себептерін түсіндіру. Топырақ түзуші факторларға сипаттама беру. Топырақтың механикалық құрамына тоқталу.
Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша топырақ түрлерінің таралуын сипаттау арқылы тақырыптық карталармен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Топырақтың маңызы туралы көзқарастарын кеңейту арықылы, қоршаған ортаны қорғауға баулу, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.