Тақырпты бекіту үшін келесі сұрақтарды қояды:
1) Топырақ дегеніміз не?
2) Топырақ құрушы факторларды атаңдар.
3) Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?
4) Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?
5) Құрылымды топырақ қандай топырақ?
6) Өз өлкеңнің топырағы туралы не білесің?
Оқушылар мәтінді шолып шықаннан кейін сұрақтарғы ауызша жауап береді:
1) Топырақ дегеніміз табиғат компоненттерінің бірі, ерекше табиғи құрылым.
2) Топырақ құрушы факторлар – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.
3) Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.
4) Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.
5) Құрылымы кесек топырақты құрылымды топырақ дейді.
6) Павлодар облысында бидай өсіруге жарамды ылғалды қара тоыпрақ таралған.