Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


 Экваторлық (ЭА) температура жоғары, ылғал мол болады



бет243/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

1. Экваторлық (ЭА) температура жоғары, ылғал мол болады;
2. Торпиктік (ТА);
3. Қоңыржай (ҚА) жылдың төрт мезгілі болады;
4. Арктикалық және антарктикалық (АА);
Ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын, қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болуымен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.
Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруын жел деп атайды. Тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғарғы және төменгі қысым белдеулерінің орналасуына баланысты пайда болады.
Экватор маңында төменгі қысым белдеуі қалыптасқан, ал 30-шы ендіктерде жоғарғы қысым, сондықтан да жел Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден экваторға қарай соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды. Солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары солтүстік батысқа соғады.
Тұрақты желдер тропиктердегі жоғарғы қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысымды белдеулерге (65 с.е. пен 65 о.е) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда-солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа қарай бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.
Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, ауа массаларының қозғалыстары да анықтайды.
Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлде мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі тарадуы жоғарғы және төменгі қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі.
Экваторда ғана емес, барлық төменгі қысымды аудандарда жауын-шашын мол түседі. Керсінше, жоғарғы қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын –шашын тмөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысымбелдеулерінің орналасуына тәуелді болады.
Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді:
Күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет