Сабақтың кезеңдері
|
Берілетін уақыт (мин)
|
1.
|
Ұйымдастыру
|
1-2
|
2.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
10-12
|
3.
|
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
|
2-3
|
4.
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
18-20
|
5.
|
Жаңа сабақты бекіту
|
5-6
|
6.
|
Үйге тапсырма беру
|
1-2
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкітаралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.
Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:
1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |