Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет254/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер
Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақ:
Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер бабылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м-ге дейінжететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы160 т-ға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.
Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығару арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесіпланктон (грекше «қалқыма»), нектон (грекше«жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 топқа бөлінеді.
Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырларда, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрады. Олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен тұрады.
Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген.
Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді.
Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ жасанды Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет