Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін
Жаңа сабақты түсіндіру: Дүниежүзілік мұхит сулары гидросфераның негізгі бөлігін құрайды. Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361,1млн км. Күн жүйесідегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су – Жер табиғатының басты байлығы тіршілік көзі.