Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет300/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Оңтүстік Азия

Оңтүстік –Шығыс Азия

Жер бедері өте күрделі. Мұнда Гималай таулары мен ойпатты жазықтар, үстірттер мен таулар көршілес орналасқан. Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп биіктеп Декан таулы үстіртіне ұласады. Оңтүстік Азия пайдалы қазбаларға бай. Үндістан түбегінде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, графит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мұнай мен табиғи газ кездеседі. Аймақ сирек кездесетін асыл тастарға да бай болып келеді.
Климактын қалыптастыруда аймақтың оңтүстіктегі орна мен Үнді мұхитынан соғатын муссондардың ықпалы зор. Климаты субэкваторлық ауыспалы ылғалды болып келеді. Аптапты ыстық ауа-райы сәуір мен мамыр аралығында жазғы муссонның алдында орнайды. Ауа температурасы +50º -қа жетіп, жер бетін күйдіріп, құрғатып жібереді. Тар шөлі ең құрғақ, ыстық аудандар қатарына жатады. Халық саны көп және тығыз орналасқан. Саны жағынан ең көп халық үнділер, олардың тілі хинди де кеңінен тараған. Оңтүстік Азиядағы Гималай тауларының баурайы – әлемдік дін болып есептелетін буддизмнің п.б. жері.

Құрамына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипелагында орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарына Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней және Малакка түбегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала – мемлекет Сингапур да кіреді. Аймақтағы ең ірі мемлекет – Индонезия. Бұл елде 150-ден астам ұлттар тұрады, олардың кейбіреулері жекек аралдарда басқа ұлттардан оқшау өмір сүреді. Халық, әсіресе ежелден игерілген ява аралында тығыз қоныстанған.
Оңтүстік –Шығыс Азия елдері Еуразия мен Аустрия аралығындағы құрлықтық «көпір» болып табылады.
Аимақтың экватор мен субэкватор белдеулері аралығындағы орнына сәйкес, климаты муссондық сипаттан ылғалды экваторлық сипатқа ауысады.
Оңтүстік –Шығыс Азия халықтарының құрамы да Азияның басқа аймақтарындағы сияқты өте күрделі болады. Саны жағынан басым халықтарға вьетнамдар, лао, тай, бирмалықтарн, малайялықтар жатады.
Өсімдік шаруашылығындағы ең көп өсірілетін дақыл- күріш, маниок, батат, жүгері, банан, ананас, папайя, саго. Көкөністер жыл бойы өсіріліп бірнеше рет өнім алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет