Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет302/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Материктер картасы, оқулық, суреттер, карточкалар
Сабақтың жоспары:


Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын.
Жаң сабақты түсіндіру:
Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына Қытай Халық Республикасы, Монғолия, ТМД құрамындағы Қазақстанмен Орта Азия елдері және Шығыс Азияда орналасқанЖапония, Корей Республикасы, КХДР енеді. Бұл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мұхитқа дейін тұтас алап құрап жатыр. Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азиябөліктеріне ажыратылады.
Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып жатыр. Онда Қытайдың көпшілік бөлігімен Монғолия орналасқан.
Жер бедері көтеріңкі болғандықтан бұл бөлік Биік Азия деп аталады. Оны жер шарындағы ең биік Тибет таулы қыраты, Памир, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь-Шань биік тау жүйелері құрайды. Солтүстік бөлігі Қазақстан жеріне енетін биік Тянь-Шань тауларының атауы Қытай тілінде «Аспан таулары» деген мағына береді. Неғұрлым аласа бөлігінеТакла-Макан, Гоби үстірттері сәйкес келеді.
Климаттың шұғыл континентті сипатта болуына байланысты таулар мен үстірттерді беті қалың қиыршық тастармен жабылған қүлазыған шөлдер алып жатыр.
Тынық мұхит жағалауын алып жатқан Шығыс Азияның табиғатына мұхиттың тигізетін әсері зор. Шығыс Азияның материктік бөлігі Қытай платформасына сәйкес келетіндіктен жазық, аласа таулы болып келеді. Ал Тынық мұхит геосинклиналына кіретін аралдық бөліктерге тау түзілу әлі де жүріп жатыр.
Жапон аралдарында 150-ге тарта жанартау бар, 40жанартаудың әрекеті әлі тоқталмаған. Жапон аралдарының ең биік нүктесі Фудзияма жанартауы (биіктігі 3776 м). Жапон халқы Фудзияма тауын қастерлеп, кие тұтады. Жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен пайда болатын цунами толқындары әсіресе Хоккайдо мен Хонсюаралдарының жағалауларына қауіп төндіреді.
Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық климат тән.
Әрбір бөліктің географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, табиғаттың өзіндік басты белгілері бар.
Ғасыр соңында Қытайдағы халық саны 1 млрд.250 млн-нанасып отыр.
Қытайдың шығысындағы Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында Ұлы Қытай жазығы орналасқан. Онда батысқа қарай жер бедері күрт биіктеп Биік Азия тауларына ұласады.Кунь-Лунь мен Тянь-Шань таулары аралығында атақты Такла-Макан (Қашғар) қазаншұңқыры орналасқан. Қытай жері пай.қаз-ң қоры мен құрамы жөнінен д.ж-нен шешуші орын алады. Әсіресе тас көмір, темір, мыс, полиметалл, мұнай мен табиғи газдың қоры өте мол.
Ылғалы жеткілікті муссонды климат пен жоғары температура Шығыс Қытайдың көпшілік бөлігінде жылына екі кейде үш рет өнім алуға мүмкіндік береді. Шығыс Қытай - елдің басты өнеркәсіпті ауданы. Мұнда ел халқының 90%-ышоғырланған. Олардың басым көпшілігі қытайлар.
Қытай – ежелгі мәдениет пен өркениет елі ,мұнда әлемге әйгілі ұзындығы 4 000 км-ге жуық Ұлы Қытай қорғаны, будда храмдары мен ғибадатханалары, императордың салтанатты сарайлары орналасқан. Сонымен қатар қытай өнерінің қайталанбас өзіндік қырлары бар: қытай театры, сәулет өнері, музыкасы, қытай жібегі мен қолөнер туындылары д.ж-не әйгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет