Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Солтүстік Американың табиғат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Жаңа сабақты түсіндіру: Солтүстік Америка табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы сияқты тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға байланысты. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы солтүстігінде Еуразияға көбірек ұқсайды. Бұл материктердің көршілес орналасуы мен геологиялық даму тарихының ортақтығына байланысты.