Жер асты сулары. Өзендер сирек таралған құрғақ аудандарда жер асты суларының мол қоры жинақталған. Әсіресе Сахара, Судан, Калахариде жер асты тұщы суының мол қоры анықталған. Тұщы су деңгейі Жер бетіне жақын жатқан шөлді аймақтарда құрма пальмалары өсетін шұраттар көп таралған.
Жаңа сабақта бекіту: Африка өзендері қандай алаптарға жатады?
Неге Африка жерінде ішкі тұйық алап көп бөлікті қамтиды?
Материктегі өзен торларының таралуына жер бедері қалай әсер етеді, ол неден көрінеді?
Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған?
Картада Чад көлінің жағалауы неге үзік сызықтармен көрсетілген?
Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Африка материгінің өзен көлдерімен таныстырдым.
Үйге тапсырма: §48-оқу. Кескін картаға өзендері мен көлдерін түсіріп келу.