Ылғалды экватолрлық ормандар Конго қазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр. Бұл орман зонасы табиғат жағдайлары жөнінен Оңтүстік Америкадағы Амазония ормандарына ұқсайды. Биік ағаштар орманның ең жоғарғы қабатын құрайды. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін алып фикустар, сейба ағашы, майлы пальма мен шарап пальмасы – рафия, эбен және қауын ағашы өседі. Орманның банан, ағаш тәрізді папортник, либериялық кофе ағашы, лианалардан тұратын төменгі қабаты адам өте алмайтын қалың ну (джунгли) құрайды. Жануарлар дүниесі бай, Амазония ормандарынан басты айырмашылығ,ы мұнда жануарлар орманның төменгі қабатында да кездеседі. Ормандарда шашақ құлақ шошқа, ергежейлібегемот, жираф тұқымдас окапи, ергежейлі антилопа, маймылдардан мартышка, шимпанзе, мандрил, павиан, адам тәріздес ең ірі горилла маймылы, жыртқыштардан қабылан, қауырсындары түрлі түсті, денелері ірі құстармекендейді.
Ылғалды экваторлық ормандар жауын-шашынның азаюына байланысты біртіндеп ауыспалы ылғалды ормандарға, одан кейін саванналар мен сирек ормандарға ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |