Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Африка материгінің халықтар картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Үй тапсырмасын тексеру Жаңа сабақты түсіндіру: Халқы. Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн-нан астам. Материк халқының нәсілдік, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі. Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің өкілдері кездеседі.
Африканың байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңтүстікке қарай негрлер мекендейді. Негрлердің көпшілігіне тән белгілер – өңінің қара, ал шаштарының қалың, бұйра болуы. Бұл қасиеттер олардың денесін қатты ыстықтан қорғайды. Негр тектес халықтардың ортақ белгілерімен қатар, бас және бет пішінінде, дене бітімі мен бойының ұзындығына үлкен айырмашылықтар байқалады.
Солтүстік Африкада саванналарында материктің ең бойшаң адамдары – тутси мен химилер тұрады. Олар ерекше сымбатты, шымыр болады, бойларының орташа ұзындығы 180-200 см-ге жетеді. Ал экваторлық ормандарда бойлары өте аласа пигмейлер тұрады, олардың бойының ұзындығы 150 см-ден аспайды. Пигмейлердің өңі ақшылдау, кең танаулы, еріндері жұқа, денелері шомбал болып келеді. Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында нилоттар тұрады. Олардың өңі қап-қара, қыр мұрынды, бойшаң болады. Калахари шөлін бушмендер мен готтентоттар қоныстанған. Олардың өңі сары, беті жалпақ, монғол тектестерге ұқсастау болып келеді.
Еуропалық тектес нәсілге жататын халықтар Африканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұрады. Осы нәсілге Солтүстік Африканы мекендейтін араб және бербер халықтары, Жерорта теңізі жағалауында тұратын француздар жатады. Ал Оңтүстік Африкада Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары – африканерлер (бурлар) және ағылшындар тұрады.
Елдері. Жерорта теңізінің жағалауында ежелгі дүние бөліктері - Еуропа және Азиямен көршілес орналасқан Африка ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африка жеріндегі Египет, Ефиопия, Гана тәрізді ежелгі мемлекеттерде қолөнер, сауда, құрылыс ісі өркендеп, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар, Александрия шам-шырағы (маягі) «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ піл сүйегі мен ағаштан ойып жасалған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасалған мүсіндер көптеп сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениеттің дамуындағы алғашқы жетістіктері үшін адамзат ең алдымен Африкаға қарыздар деп есептеледі.Бірақ кейіннен жүргізілген құл саудасы мен отаршылдық саясат Африка елдерінің дамуын ұзақ уақытқа тежеді.
Материктегі шаруашылығының даму дәрежесі ең жоғары мемлекет – Оңтүстік Африка Республикасы. Солтүстік Африкадағы мұнай мен табиғи газ өндіретін Либия, Алжир, Египет тәрізді елдер де қарқынды дамуда. Ал Мали, Нигер, Чад, Эфиопия, Сомали елдерінің даму дәрежесі өте төмен, мешеу елдердің қатарына жатады. Африканың артта қалған елдерінде аштық болдырмас үшін халықаралық ұйымдар бұл елдердің халқына ұдайы қайырымдылық көмек көрсетіп отырады.
Африка елдері табиғат жағдайы мен халқының құрамына сәйкес бес тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады: Солтүстік Африка, БатысАфрика, Орталық Африка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка. Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауы мен Сахара шөлінің солтүстік бөлігін қамтиды. Солтүстік Африка аймағының құрамына Алжир, Либия, Египет, Марокко, Батыс Сахара, Тунис елдері кіреді.
Солтүстік Африканың батысында Жерорта теңізі жағалауын Атлас тауы алып жатыр.Алтас таулары бірнеше көлденең жоталар тізбегінен тұрады, олар: Эр-Риф, Телль-Атлас, Биік Атлас, Сахара Атласы. Таудың ең биік нүктесі – Биік Атластағы Тубкаль шыңы (4165 м). Атлас таулары оңтүстігіне қарай біртіндеп аласарып, тропиктік шөл алып жатқан Сахараға ұласады.