Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет425/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, «Таулар» тақырыбына арналған суреттер. Кескін карталар 
Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі 5. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 6. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы

Кезең-дер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру: оқушылардың барылығында оқулықтарының, дәптерлерінің, атластарының бар-жоқтығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Ең алдымен «таулар», «тау жотасы», «таулы өлке» және «тау торабы» ұғымдарын түсіндіріп өтеді. Олардың анықтамаларын оқулықтан тауып, дәптерлеріне жазып алу тапсырмасын береді.
Оларға мысалдар келтіреді: Тянь-Шаньдағы Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың қосылған жері Шелек-Кебін тау торабын құрайды. Дүние жүзіндегі ең биік тау – Гималай (оқулықтағы суретті көрсетеді). Жер шарындағы ең биік нүкте Джомолунгма (Эверест) шыңы 8848 м.
Кейін таулардың биіктігіне қарай бөлінуі туралы айтады. Бұл жіктемені оқулық мәтінінен тауып дәптерлеріне сызбасын түсіріп, мысал келтіру тапсырмасын береді.
Кейін таулардың географиялық орнын қалай анықтауға болатынын түсіндіріп, мысал келтіреді.

1.§22 пайдалана отырып, «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарының мағынасын тауып, дәптерлеріне анықтамасын жазады.
2. Таулардың абсолют биіктігіне қарай топталуын анықтап, сызбаны толықтырып жазады. Әр түріне мысал келтіреді.
Таулар.
аласа 1000-2000 м биік
Оларға бірнеше мысалдар келтіріледі: Қазақстанның Сарыарқасы – аласа тауларға жатады. Орташа биік тауларға – Қырым таулары жатады. Биік тауларға – Кавказ, Алтай таулары жатады.
Мұғалімнің көрсеткен мысалын дәптерлеріне жазып алады:

  1. Кавказ тауы Еуразия материгінде, Қара және Каспий теңіздерінің аралығында орналасқан.

  2. Тау жоталары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған

  3. таудың ұзындығы 1100 км.

  4. Бұл тау биік тауға жатады. Басым биіктіктері 3000-5000 мболып келеді.

  5. Ең биік шыңы – Эльбрус (5642), координаталары – 43°с.е. және 43° ш.б.

3

Тақырыпты бекіту ретінде тақырып соңындағы 5,6,7,8 тапсырмаларды орындау тапсырмаларын береді.

5-тапсырма: Орал – аласа тауларға, Скандинавия таулары – аласа тауларға, Альпі таулары – орташа биік тауларға жатады.
6-тапсырма: Тянь-Шань таулары
7-тапсырма: Кордильер тауларының биіктігі орталығында 3000-4000 мыңнан астам, солтүстігі және оңтүстігіне қарай 1000-2000 м-ге дейін жетеді. 

4

Тақырыпты оқушылармен бірге қорытындылайды.

Тақырыпты мұғаліммен бірге қорытындылайды.

5

Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.

6

§22 57-58 б.б. Тақырып соңындағы сұрақтар. Жартышарлар кескін картасына тауларды созылу бағытына қарай белгәлеу. Тауларды олардың орналасқан жерлерін картадан көрсете білу . 

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.

Сабақ №22, 23
Күні: 24.11.09/23.11.09
Сынып: 6 «А, Б»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет