Тақырыбы: Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау.
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит түбін зерттеу әдістерімен таныстыру. Оқушыларды жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау шараларымен таныстыру. Алған білімдерінің негізінде оқушыларда табиғат байлықтарына ұқыпты қатынас қалыптастыру.
Дамытушылық: Тереңдік шкаласын пайдаланып, мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтау.
Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.