3
|
1. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары:
1) Физикалық карта бойынша жер шарының бір жазықтығы мен тауының географиялық орнын, орташа және максималды биіктігі аралығын сипаттау.
2) Кескін картада жердің таулы, жазықты, вулканды және сейсмикалық белсенді зоналарын белгілеу.
3) Қорытындылау
2. «Литосфера» тақырыбын қайталау.
1) «Сұрақ бәйгесі» ойыны.
|
1. Жазыққа/сипаттама берудің жоспары: 1) Жазық/тау қай материкте орналасқан, оның ерекшелігі; 2) жазықтың / тау жоталарының созылу бағыты, ұзындығы; 3) жазықтың/таудың орташа биіктігі, биіктігі бойынша қандай жазыққа/тауға жатады; 4) жазықтың максималды және минималды биіктіктері, таудың ең биік нүктесі, оның координаталары.
2. «Сұрақ бәйгесі» ойнының сұрақтары.
І қатар: 1) Атмосфера, гидросфера, биосфера Жердің ........ қабаты (сыртқы); 2) Оңтүстік Америка тақтасы мен Тынық мұхит тақтасының аралығында ...... тақтасы орналасқан (Наска тақтасы); 3) Жер қыртысы бетінде су, жел,
мұздық, т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болатын жзыныстар ............... тау жыныстары деп аталады (шөгінді); 4) Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері .............. д.а. (жер сілкіну ошағы); 5) Температурасы жоғары болатын, құрамында әр түрлі тұздар мен газдар кездесетін суларды ........... деп атайды (минералды сулар); 6) Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді ........ д.а. (тау торабы); 7) Екінші тау жасалу қысымына ұшыраған тау жыныстары алғашқы иілгіштіктерін жоғалтып ................. таулар пайда қалыптасады (қатпарлы-жақпарлы таулар); 8) Жас таулардың биіктігі ........ м-ге жетеді; 9) Абсолют биіктігі 200-500 м-ден астам жазықтар қырат жазықтар д.а. 10) Өзен, көл, теңіз жағалауындағы жел айдап үйген құм төбелер –шағылдар.
ІІ қатар: 1) Маттериктік жер қыртысының қалыңдығы30-40 км, мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы70-80 км. 2) Мұхиттың түбінде ұзыннан-ұзақ созылып жататын су асты жоталары. Жеке шыңдары арал түрінде су бетіне шығып тұрады – мұхит ортасы жоталары. 3) Минералды жыныстардың түрлері 3000шамасында, тау жыныстарының түрлері1000-ға тартады. 4) Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкінісі 3 жылға созылған. 5) Эльбрус пен Казбек қандай жанартауға жатады: сөнген. 6) Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін таулар д.а. 7) Су мен ауаның әсерінен жүретін үгілу түрі химиялық үгілу деп аталады. 8) Орта Сібір, Батыс Аустралия пайда болуына қарай қандай жазыққа жатады:вулкандық жазық. 9) Бархандардың биіктігі 15-20 м-дей болады, шағын барқандар жылына 100-200 м-ге жылжиды. 10) Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігінматериктік беткей д.а.
|