Жаңа сабақты түсіндіру барысында географиялық қабық, биосфера туралы оқушылардың түсінігін тексереді. Өткен тақырыпты еске түсіреді. Нәтижесінде географифялық қабық туралы түсінік береді. Ендігі мақсат географиялық қабық пен табиғат компоненттері, табиғат кешендері арасындағы байланысты ашу. «Табиғат компоненттері деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып тау жыныстары, топырақғ өсімдік, жануарлар, ауа, су географиялық қабықтың құрамдас бөлігі екендігін дәлелдейді.
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіре отырып, географиялық қабық түсінігін түсіну керек. Кейін географиялық қабықтың компеонеттері деген не екенін анықтап, олардың арасындағы байланысты өздері түсіндіруге тырысу керек.
Табиғат компоненттері қандай факторларға байланысты таралғандығы туралы оқушылар өз ойларын айтады. Ойларын түсіндіру барысында климат ұғымын пайдалану керек. Шөл және шөлейт аймағындағы өсімдіктердің табиғи ортаға бейімділушілігін мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді.
ІІІ
Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді:
Табиғат кешені деп ені түсінесіңдер?
Табиғат компоненті деп нені айтады.
табиғат кешендеріндегі табиғат компоненттерінің өзара байланысын ашып көрсетіңдер.
табиғат кешендерінің өзгеруі неге байланысты?
адамның табиғат кешеніне тигізетін әсері қандай?
ауа табиғат компоненті ретінде басқа компоненттерімен қандай байланыста болуы мүмкін?
өсімдік жамылғысының табиғат кешеніндегі орны қандай?
белгілі бір табиғат кешеніне жалпы сипаттама беріңдер.
биосфера мен гоидросфера арасында қандай байланыс бар?
ауа, топырақ, өсімдіктердің арасындағы байланыстарды түсіндіріңдер.
табиғат кешендерінің шаруашылық маңызы қандай?
Қазақстан жерінде қандай табиғат кешендері таралған?
табиғат кешендері таралуының климатқа байланыстылығын дәлелдеп бер.
Оқушылар мұғалімнің бекіту сұрақтарына жауап береді:
тау жыныстары, ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлардың біртұтас жүйесі табиғат кешені деп аталады.
географиялық қабықтың құрамдас бөліктері – ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар – табиғат компоненттері
жер бетіндегі ең үлкен табиғат кешені – географиялық қабық. Оның атмосфера – гидросфера – литосфера – биосфера арасындағы байланысты түсіндіреді.
табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін тудырады.
мысалы құмды шөл арқылы канал жүргізілсе, сол жердегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгереді.
өсімдіктер мен жаунарлардың тыныс алуы, атмосфера күн сәулесінен жылынады, ауаның құрамындағы су булары қоюланып, бұлт түзіледі, жер бетіне жауын-шашын түседі.
жылу мен ылғалдың таралуына байланысты өсімдіктер таралады. Ал өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесі тығыз байланысты. Өсімдіктер оттегін түзеді. Олар арқылы фотосинтез процесі жүреді.
белгілі бір табиғат кешеніне сипаттама береді.
тіршілік үшін судың, ылғалдың маңызы зор. тіршілік ауада да, топырақта да, суда да бар. Дүниежүзілік мұхитттың тіршілік дүниесі алуан түрлі.
өсімдік ауаны тамыры арқылы топырақтан сіңіреді.
табиғат кешендерінің адамдардың тіршілігі үшін қолайлылығы оны шаруашылық үшін пайдалануына мүмкіндік береді. Адамдар өздерінің іс-әрекетімен табиғат кешеніне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Қазақстан жерінде Батыс Сібір жазығы, Тянь-Шань, Сарыарқа табиғат кешендері бар.
климат экватордан полюстерге қарай жылу мен ылғалдың таралуына байланысты өзгереді. Дәл осындай заңдылық қсімдіктер мен жануарлар дүниесінде байқалады. Климатқа байланысты табиғат кешені қалыптасады.
ІV
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Тақырыптық карталармен жұмыс істеу икемділіктерін және шығармашылық деңгейлерін ескереді.
Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
V
Үй тапсырмасына мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды береді.
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
VІ
Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқушылармен бірге анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.
Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.