Сабақ жоспары Сабақ: Мектеп: Шымкент қаласы хбб нзм күні



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі193,75 Kb.
#156366
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1)




Қысқа мерзімді жоспар


Тарау 10.4 D: Биомедицина және биоинформатика
Сабақ жоспары

Сабақ:

Мектеп: Шымкент қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сабақ тақырыбы:

  • Биомеханиканың робототехникада қолданылуы

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар орындай алады:

  1. Биомеханизм мағынасын түсіндіреді

  2. Ғылыми терминдерді пайдалана отырып қорытынды жасайды

  3. Нәтижелерге анализ жасай отырып жазбаша түрде ұсынады

Бағалау критерийлері:

  • Робототехникадағы биомеханикаға мысалдар келтіріп сипаттау және робототехниканың дамуындағы биологияның рөлін талқылау

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

  • Биомеханизм мағынасын түсіндіре отырып айтылым дағдыларын дамытады.

  • Терминдік сөздерді қолдана отырып жұмыс соңында анализ жасайды (жазылым дағдылары)

Құндылықтарды дарыту

Мектеп құндылығы: үздіксіз білім алу

  • Өз бетінше жұмыс жасайды; өз ойларын ашық түрде жеткізеді;

  • Берілген тапсырманы ізденіспен тиянақты орындайды;

  • Қорытынды жасап, өзара баға береді.

Пәнаралық дамыту

Тақырыптық ұғымдарды түсіндіру барысында байланыстырылады:
Физика пәнімен

АКТ
қолдану дағдылары

PowerPoint
Ғаламтор көзі
Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Адам анатомиясы (9 сынып)

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы
0 – 5 мин
6 – 21 мин
22 – 36 мин

37 – 45 мин



Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
(W) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау мақсатында оқушыларға "Edge of the Future" бейнефильмінен үзінді көрсетіледі. Фильм соңында оқушылардың роботтар мен машиналар туралы «түсіну» деңгейінде ортақ пікірлері сұралады.
Оқушылардың пікірлері тыңдалған соң сабақ тақырыбы мен мақсаты тақтада көрсетіледі.

Жаңа сабақты игеру ...


(W) «Жұптан – Ойлан – Бөліс» стратегиясын қолдана отырып, оқушылар төмендегі сыни тұрғысынан ойлану сұрақтарына жауап береді:

  • Ғылымның дамуы заманауи роботтардың жұмыс жылдамдығы мен ептілігін арттырады? (жауабыңызды түсіндіріңіз)

  • Не үшін робототехниканы дамытуымыз қажет? (кем дегенде 3 себеп)

  • Егер Сіз жасанды зияткер робот ойлап табатын болсаңыз, онда қандай этикалық және тәрбиелік мәні бар ережелерді орындар едіңіз? (кем дегенде 3 ереже)




  1. Оқушыларға заманауи робототехниканың тенденциялары мен мәселелерін талқылау тапсырылады.

(Талқылау барысында заманауи роботталған қозғалыстарды жасаудың қиындылығын және оларды жақсарту тек биомеханиканың принциптері арқылы мүмкін екендігін ескеру кету қажет)

  1. Болашақта осы машиналардың қолданылуын талқылау және түсіндіру (суреттер мысалында)








  1. Ағзалардағы биомеханика туралы фильм көрсету арқылы толықтыру

Экзоқаңқа бөліктерін пайдалана отырып демонстрация жасау

Маркер
А4 парақтары




Басы
0 – 15 мин
16 – 30 мин (постер қорғау)

31 – 36 мин


37 – 45 мин



Ынтымақтастыру атмосферасын құру
Оқушылар назарын сабаққа аудару
(G) Робототехникадағы биомеханика туралы ақпаратпен танысу арқылы оқушыларға жұптық кластер құруға арналған тапсырма беріледі.
Кластер құру барысындағы критериййлер:

  • Биомеханикаға анықтама;

  • Биомеханика қолданылуына мысал келтіру;

  • Медицина саласындағы протездер;

  • Инженерлік биомеханикадағы экзоқаңқалар;

  • Эргометрикалық биомеханика және т.б..

(өзара бағалау (қалыптастырушы))

Жұптар өз жұмыстарын сынып алдында таныстырып, ақпараттарымен бөліседі.


(W) Жұптар бір – бірінің жұмыстарымен алмасу арқылы бағалау жүргізіледі. Түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын тыңдап болған соң жалпы анализдей отырып қорытынды жасайды. Қорытынды ойларын шағын эссе түрінде жазбаша ұсынады.

Сабақты қорытындылау ...


Үй тапсырмасы
Бір жануардың мысалында биомеханиканы зерттеу. Жануарлар мысалдары: акула, теңіз жұлдыздары, бүйрек, балық, бақа, жылан, құстар (пеликан, фламинго), сүтқоректілер (кенгуру, газель, т.б.).



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: биомеханика ұғымын түсінеді;
Оқушылардың көбі: биомеханиканың роботехникада қолданылуын сипаттайды;
Кейбір оқушылар: биомеханика қолданылуына мысалдар келтіреді.

  • Мәтінмен жұмыс

  • Постер

  • Идеялар

  • Кестемен жұмыс

  • Термин сөздер

  1. Сынып ішінде тыныштық сақтау

  2. Партада дұрыс отыру ережесі

Сабақ бойынша рефлексия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет