Жоғары жүйке қызметі. Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады.
И.П. Павлов өз еңбектерінде үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуге бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды.
1) Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
2) Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бір-бірімен байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен зат алмасу процесі қарқынды жүреді; тыныс алу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан асќорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
3) Жүйке жүйесі ағза мен сыртќы ортаның байланысын ќамтамасыз етеді. Сыртќы ортаның әр түрлі ќұбылыстарынан қорғану єрекеті адамныњ жүйке жүйесінің әсерінен болады. И.П. Павловтың пікірі бойынша, сөз «сигналдардың сигналы» болып есептелінеді. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін дәлелдеді.
Рефлекстер. И. П. Павловтың рефлекстер туралы ілімі. Шартты және шартсыз рефлекстер.Жоғары дәрежедегі шартты рефлекстер.
Әр түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын барлық рефлекстер И. П. Павлов шартсыз және шартты рефлекстер деп екіге бөлді. Шартсыз рефлекстер дегенімңіз -ағзаның тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын туа пайда болатын реакциялары. Олар ұрпақтан үрпаққа өзгерместен, тұқым қуалай береді. Шартсыз рефлекстердің қаншалықты маңыздылығына қарамастан, олар ағзаның өздігінен ағзаның қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ете алмайды. Ағзаның қоршаған орта жағдайына бейімделуі рефлекстің басқа түрі - шартты рефлекс арқылы жүзеге асады.Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы, олар жеке дара тіпті туыстас екі дарақ үшін де бірдей болмайды. Шартты рефлекстер туа пайда болмайды, олар өмір бойы қалыптасып, нығаяды немесе өшеді. Сондықтан оларды уақытша немесе түрақсыз деп айтуға болады.
Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде зат алмасу бөсендейді, жүректің соғу жиілігі баяу лайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы - белсенді түрде жүретін психикалык және физиологиялық үдеріс. Ұйқы - мидың үйлесімді кызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асыкпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын белгілейді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс істеу кабілетін калпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинакталады. Үйқының белгілі бір уакытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатыны анықталды.
Ағза ұйқы арқылы тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбек етуге деген құштарлығы артады. Дене температурасының бәсеңдеуі ұйқыға кірісудің ішкі белгісі (сигналы) болып саналады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін зиянды. Ұйкы қанбаса, бас ауырып, мең-зең болады, шаршайды. Есте сақтау кабілеті төмендеп, жүйке жөне т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін.
Жаңа туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат үйыктайды. Төрт жасар сәби төулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты үйкы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы төмендейді. Адамның козғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.
Адам тез, оғаш ұйқы кезінде түс көреді. Ұйкының екі кезеңінде де ми мен ағза тынығады. Ми қыртысында тежелудің таралуы да ұйқыға әсер етеді. Ұйқы аралық мидағы жүйке орталықтарында сергектіктің алмасуы арқылы жүзеге асады. Мұны ұйқының рефлекстік жолмен реттелуі дейді. Ұйқының реттелуіне химиялық заттар да әсер етеді. Түс көру. Барлық адам түс көреді, бірак кей адамдар оны есінде сақтай алмайды. Түс көру - тікелей мидың қызметіне байланысты, күрделі психикалық үдеріс. Түс көру көбінесе адамның бұрын бастан кеш кен күйзелістеріне немесе көптен бері ойында жүрген жағдайларға негізделеді. Кейде адамның
ойында жоқ түрлі шынайы оқиғалар да түске кіреді.
Түс көру - ми жұмысының бір көрінісі. Тез ұйқы кезінде көрген түс көбірек есте қалады. Адам ұйқының екі кезеңінде де (баяу және тез) түс көреді. Түс көру кезінде ми белсенді жұмыс атқарады. Көптен бері ойда жүрген жагдайлар белгілі реттілікпен түске кіреді. Кейде өмірде шешуі табылмай жүрген мәселелер түс көру кезінде нақты бейнеленеді.
Кейде адам летаргия (гр. «лете» - «ұмыту», «аргіа» - «әрекетсіздік») - қимылсыз ұйқы ауруына душар болады. Оның бірнеше аптаға, кейде бірнеше жылға созылуы да мүмкін. Қалыпты, тыныш ұйқыны камтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді есте сақтау керек.
1. Белгілі бір уақытта ұйықтауға дағдылану.
2. Ұйықтар алдында тойып тамақ, сусын ішпеу.
3. Ауыр ой еңбегімен шұғылданбау. Ұйықтаудан 1 , 5 - 2 сағат бұрын ауыр ой еңбегін тоқтату.
Гипноз сергектік жағдайды жасанды түрде өзгертуден туындайды. Гипноз ерік білдіру бостандығын шектеп, біреудің еркіне бағынуды күшейтеді. Егер жауап алынушы адам келісім берсе де, гипнозды тергеу кезінде қолдануға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |