4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1. Сіңірдің созылғанда
2. Буын шыққанда
3. Аяқ сынғанда
5.Қорытындылау.(білім бағалау)
Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Үй тапсырмасы: : Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы 154-160 беттерді оқып келу.
Оқытушының қолы:
ПБ төрағасы:
Сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: Сүйектердің қасиеттері,құрылысы,құрамы.
Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А. Күні : 2021 жылғы "__" ___
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 2
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық
Пәнаралық байланыс: биология , гигиена, медицина
Сабақтың мақсаты.
1. Сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру.Оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Плакаттар,слайдтар,муляждар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:карточкалар,тесттер арқылы.
Сұрақтар:
1. Сіңірдің созылғанда
2. Буын шыққанда
3. Аяқ сынғанда.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы (46-сурет) дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы боладыСүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді..
Арқа омыртқалары,қабырғалар мен төс кеуде қуысын құрайды.Адамда, әдетте,доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады.
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады.Оның 7-уі мойын,12-сі арқа, 5-уі бел, 5-уі сегізкөз, құйымшақ 4-5 омыртқа бөлімдерін құрайды.Омыртқаның сүйектері: Мойын, арқа,бел,сегізкөз,құйымшақ.
Қол қаңқасы иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады.
Иық белдеуі 2 жауырын және 2 бұғанадан тұрады.Жауырын- кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек.Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен,екінші ұшы- жауырынмен қосылған.Қол сүйектері тоқпан жілік,кәрі жілік, шыбық (шынтақ) сүйек,білезік сүйек,саусақ сүйек
Қол басы сүйектерінің 3 бөлімін ажыратады: білезік сүйектері,алақан сүйектері,саусақ сүйектері.
Аяқ қаңқасы жамбас белдеуі мен аяқ сүйектерінен тұрады.
Жамбас белдеуі омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен жіне 2 жамбас сүйегінен тұрады.Жамбас белдеуінің сүйектері: мықын,шат ,шоңданай,сегізкөз
Аяқ сүйектері ортан жілік, асықты жілік,шыбықты сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ, табан және бақай сүйектері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |