3.Жаңа материалды түсіндіру. Түсіндіру әдісі:лекция түрінде
Қанның қызметі: 1) адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бір-бірімен өзара байланыстырады; 2) оттекті өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады; 3) қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді; 4) ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды; 5) дене температурасының тұрақтылығын сақтайды; 6) ағзаны зиянды микробтардан қорғайды; 7) ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды; 8) жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді; 9) қорғаныштық қызмет атқарады (қанның ұю қабілеті).
Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5–5 л. Қанның құрамы – плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады.
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар) 1. Ағзаның ішкі ортасына не жатады.
2. Қанның құрамы
3 Қан жасушалары
4. Ұлпа сұйықтығы
5.Қорытындылау.(білім бағалау) Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Үй тапсырмасы: Қан айналым жүйесі
Оқытушының қолы:
ПБ төрағасы:
Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Жүректің өткізгіш жүйесі.Жүрек автономиясының механизмі.
Модуль /пән атауы: Биология
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А.
Күні : 2022 жылғы "__" ____________________________________________________
1.Жалпы мәліметтер Курс: 1
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық
Пәнаралық байланыс:биология,медицина, гигиена
Сабақтың мақсаты. Сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру. Сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу. Оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : видеороликтер,слайдтар