Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: «Гимнастика туралы мәлімет, гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері, қысқы универсиада 2017»



Дата10.06.2017
өлшемі39,65 Kb.
#19082
түріСабақ
28 сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: «Гимнастика туралы мәлімет, гимнастика сабағындағы

қауіпсіздік ережелері, қысқы универсиада – 2017»



Сабақ мақсаты: Теориялық мәліметтер арқылы, жеке тұлғаның жетілуін

қалыптастыру

Сыныбы: 5 «А» 5«Б» 5 «Г»

Уақыты: 10.11.2016 ж 10.11.2016 ж 11.11.2016 ж

Өтетін орны: Спорт зал

Өткізген: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Шамғонова М.М

Керекті құрал – жабдықтар: Спорттық құралдар, оқулық, спортшылар суреттері

Барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:


  • Салеметсіздерме !

  • Кезекші рапорты

  • Сабақ тақырыбын, мақсатын баяндау

Гимнастика туралы мәлімет, гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Еңбек қызметі мен дене даярлығын жетілдірудегі гимнастиканың маңызы өте зор. Қозғалыс іскерліктері мен дағдылары, сонымен бірге гимнастиканың әр түрлі құралдары арқылы дамытылатын дене және моральдық ерік қасиеттері адамның күнделікті іс – әрекетінде кең қолдау табады. Гимнастика сабағында тепе- теңдік сақтау дене мүшелерінің, буындардың қозғалмалылығының, қозғалыстың, күштің үйлесімділігінің дамып- жетілуіне, еңбек және әскери қызметтің кез – келген түрінде кәсіби шеберлікті табысты меңгеруге көмектеседі. Гимнастика жаңа қозғалыс дағдыларын жылдам меңгеру қабілеттілігі секілді қасиеттерді дамытады. Жаңа гимнастикалық даярлығы бар адам күрделі кәсіби қимылдарды жеңіл меңгереді. Денсаулық пен жұмыс қабілеттілігін арттыратын таңертеңгілік жаттығуларды жүйелі орындаудағы қимылдың дәлдігі олардың орындалу сапасын жақсартады, әрбір қимыл үнемді және мақсатты болады.

Гимнастика шаршау сезімін жоюға, көңіл күйді, ақыл ой және дене жұмыс қабілеттілігін арттыруға, адамның сергек жүруіне көмектеседі.

Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері


  • Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;

  • Гимнастикалық құрал – жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;

  • Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;

  • Секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш төсеу қажет;

  • Спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;

  • Бірінің артынан бірі жүгіріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;

  • Гимнастикалық құрал – жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал – жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін.

  • Арқан бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

  • Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;

  • Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

«Қысқы универсиада – 2017» туралы мәлімет

Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.

Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.

Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.

XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда.

Мегаполисті ірі спорттық шараға дайындаудағы инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7-қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортында өтеді. Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашығы салынады.



Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.Қазақстанның студенттік құрамасының сегіз қысқы Универсиадаға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыт аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына 43 награда салды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет