«Қосалқы мектеп - интернат» КММ
Логопедиялық сабақ жоспары
[Ш] дыбысын қою
мұғалім- логопед: Жумагалиева К.Ж.
Семей қаласы
Тақырып: «Ш» дыбысын қою.
Мақсат: [Ш] дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету.
[Ш] дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.
[Ш] дыбысын дұрыс шығаруға көмектесу, үйрету.
Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы ауыз қуысын [Ш] дыбысының артикуляциясын дайындау.
Жаңа сөздер: Ағаш, шырша, алаша.
Көрнекіліктер: орман суреті, жапырақтар (табиғи материалдар), желдің үрлеу суреті, артикуляциялық жаттығулар (тіл,тіс суреттері).
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1) амандасу
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
2) сабаққа дайындалу кезеңі.
Логопед :- Мен шықтым орманға,
-Тауып алдым тұқымды ,
-Жерге отырғыздым,
-Тұқымға су құйдым.
(балаларды бір-бірден залдың ортасына отырғызады)
2.Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.
1) Күн шықты, жерді жылытты
2) Ағаш өседі -балалар ақырындап тұрады
3) Жел ағашты тербетеді. –қолдарды тербетеміз
4) Ағаштың тамыры мықты, -аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету
5) Бұтақтары күнге тартылады -қолымызды жоғарыға көтереміз
6) Бұтақтарда жапырақ көп -саусақты сілкеміз
7) Орманда ағаш көп -жан-жақты көрсетеміз.
Жаңа сабақ:
ОРМАН
-Кәне балалар суретке қарайық! (орман суреті)
-Орманда нелер тұрады? (түлкі, аю, торғай, үкі)
-Орманда не өседі? (Ағаш, ағаштар,саңырауқұлақтар)
-Қандай ағаштар өседі?(Шырша, қайың, )
-Шырша қайда?
-Шыршаның түсі қандай?(жасыл)
- Жапырақтардың түсі қандай? (сары) –табиғи материалдар (сарғайған жапырақтар)
-Жапырақтар неге сары? (Өйткені күз келді)
«Күз» туралы тақпақ тыңдайық!
Күз келді,
Жапырақ сарғайды,
Жаңбыр жауады,
Қатты жел соғады!!!
3. Демалу гимнастика жаттығулары. (желдің үрлеу суреті)
«Қатты жел».
-Жел қалай соғады? (Терең дем аламыз, шығарғанда үстел үстіндегі жапыраққа үрлейміз. Жапырақ арқарай ұшу керек).
-Орманда қатты жел соқты. Ағаштардың басы қозғалды (балалар
қолдарды жоғары көтеріп тербетеді: ш-ш-ш).
-Алдымен дұрыстап [Ш] дыбысын қайталайық.
Артикуляциялық жаттығулар. (Тіл,тіс суреттері)
Айнамен жұмыс.
«Мықты тіс»- тістерімізді көрсетеміз.
«Тіс тазалау»- тілдің ұшымен, жоғарғы және астыңғы тістердің үстімен жүргізу.
Дыбысты қою және әріппен салыстыру (артикуляциялық профилін түсіндіру):
- [Ш] дыбысын дұрыс айтайық!
[Ш] дыбысы-дауыссыз дыбыс. Аузымызда кедергі кездеседі.
[Ш] дыбысының артикуляциясы.
Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, бүйірлері жоғары азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді. Тістер не қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм санылау қалады тыныс тілдің арасынан бір қалыпты шығады: алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі.
(Балаларға [Ш] дыбысын артикуляциясын көрсетіп, логопедпен бірге қайталайды)
Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты»ойыны.
(Балалар ұшатын затты естісе қол көтереді, ұшпайтын затты естігенді қолды көтермейді)
Ұшты-ұшты тұлпар ұшты
Ұшты-ұшты қаз ұшты
Ұшты-ұшты үйрек ұшты
Ұшты-ұшты бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты ұшақ ұшты
Ұшты-ұшты арба ұшты
7. [Ш] дыбысын автоматизациялау.
-Енді кәне ұйқас тақпақ жаттайық!
Ұйқас жаттау. «Алаша».
Ша, ша, ша
Жерде жатыр алаша
Ша, ша, ша
Алашамыз тамаша
Шық, шық, шық...
Төрге шық!
Іш, іш, іш...
Сусын іш!
Қорытынды:
-Балалар біз бүгін сабақта не істедік? (сурет қарадық, жаттығу істедік)
-Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?( [Ш] дыбысы)
- Жақсы балалар!
Балаларды бағалау.
Үй жұмысы: [Ш] дыбысын артикуляциясын позициясын қайталау. «Алаша» ұйқасты жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |