|
Өтілетін күн: 17.02.2015
Сынып: 5 «Қ»
Сабақтың тақырыбы: Мәтін бөліктерін ерекшелеу.
Мәтінді пішімдеу. Әріп.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: WordPad- қа мәтін енгізу, құжаттарды редакциялау, оларды сақтау.
Дамытушылық: Оқушыларды мәтіндерді тез теруге, құжатты форматтай білуге, қаріп түрін, өлшемін, түсін, мәнерін таңдап, абзац қоюды қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды жауапкершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі.
-барлық оқушылар жекелік үлгі-танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
Жан-жақтылы үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.
Топтық-жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
Ұжымдық форма-ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, WordPad бағдарламасы, оқулық,
жұмыс дәптері.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі ( 2 мин)
2. Үй тапсырмасын тексеру. ( 5 мин)
3. Жаңа тақырып. (15 мин)
4. Практикалық жұмыс. ( 8 мин)
5. Сабақты бекіту ( 10 мин)
6. Үйге тапсырма( 1 мин)
7. Бағалау. (2 мин)
8. Кері байланыс (2 мин)
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
Оқшылармен сәлемдесу,түгелдеу
Оқушылар бүгінгі үй тапсырмасын түрлі түсті гүл жапырақшаларын таңдау арқылы сұрамақпын . Гүлтәріздес жапырақтарды таңдап түстеріңе сәйкес 3 топқа бөлініп отыра мыз және жапырақшаның астында жасырынған сұрақтарға жауап беріп, тиісті орнына жапыстырамыз.
Топтардың атаулары:
I. «Мәтін»
II. «Пішім»
III. «Қаріп»
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. WordPad қандай редактор?
2. Құжатты сақтау командасын атап өтіңіз?
3. WordPad мәтіндік редакторын ашу командасы қалай орындалады?
4. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу қажет болсақай пернені басамыз ?
5. Бас әріпті қалай енгіземіз?
6. Enter пернесін қай кезде басу керек?
7. Backspase пернесі қандай қызмет атқарады?
8. Home пернесінің қызметін атаңдар?
9. Мәтіннің басына бас абзацты қалай қосамыз?
10. “Вырезать” командасы арасында қандай ?
11. Мәтінді енгізудің қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?
12. Мәтінді енгізудің қандай құралдары бар?
13. Мәтінді терудің неше ережесі бар ?
14. Өз құжатымызды қалай сақтаймыз?
15. End пернесінің қызметін атаңдар?
Балалар барлығымыз экрнға назар аударсақ, мұнда біздің мәтініміз қалай орналасқан ?
И Н Ф О Р М А Т И К А
Балалар : Әр түрлі деп жауап береді
Олай болса осындай мәтіндерді әдемі, көрнекі етіп жазу үшін біз бүгін
WordPad –та мәтін бөліктерін ерекшелеу. Мәтінді пішімдеу. Әріп тақырыптарымен танысатын боламыз.
3. Жаңа сабақ
Сабағымыздың басында, алдымен мына видеороликті көріп алайық .
Бейнеролик WordPad программасы мәтінді пішімдеу.
«Кластер» әдісі арқылы мәтінді оқып түсінгендерін постерге түсіреді.
WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WordPad бағдарламасын іске қосу.
Пуск - Программы - Стандартные - WordPad .
Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар.
Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Қаріп түрлерін құрал - саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз. Қаріпті, Өлшемді, Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат-Шрифт (Формат-Қаріп) командасын орындаймыз.
4. Практикалық жұмыс. Оқулықта берілген мәтіндермен жұмыс.
1-топ
ІЛЕ МЕН ҚАРАТАЛ
Сиқыршы Балқаштың Іле атты сұлу қызы болыпты. Оның даңқы сайын даланы шарлапты. Сандаған күйеу балалар – байлар мен хандар сөз салса керек. Бірақ олардың бәрі қызға өзінің сұлулығына сай емес болып көрініпті.
Сондықтан Балқаш бозбалалар үшін сайыс ұйымдастыруды ұйғарыпты.
Тапсырма:
Мәтінді теріңдер.
Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан көк түсті әріппен және курсивпен ерекшелеңдер , ал, негізгі бөлігін 12 өлшеммен жазыңдар.
Мәтінді Іле мен Қаратал деп сақтаңдар.
2-топ
СӘТЕМІР ХАН
Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі , манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетіпті.
Тапсырма:
Мәтінді теріңдер.
Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан қызыл түсті әріппен және курсивпен ерекшелеңдер.
Сәтемір хан деп сақтаңдар.
3-топ
Кодтау
Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу көзінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі. Мұнымен байланысты бұл үдерістің 3 қатысушысын бөліп қарастыруға болады: ақпарат көзі , байланыс қабылдағышы,байланыс арнасы. Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Компьютер символдарды олардың кодтары бойынша ажыратады. Ол кодтық кестеде бекітіледі.
Тапсырма:
Мәтінді теріңдер.
Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан қызыл түсті әріппен және курсивпен ерекшелеңдер.
Кодтау деп сақтаңдар.
5. Сабақты бекіту. «Кім көп біледі» топтық жұмыс оқушылар
3 тілде ойын еркін жеткізу әдісі .
Саймандар
|
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
|
жабу
|
закрыть
|
close
|
|
кері қайту
|
назад
|
tack to
|
|
ашу
|
откры
|
open
|
|
сақтау
|
сохранить
|
save
|
|
көру
|
просмотр
|
to see
|
Саймандар
|
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
|
қиып алу
|
вырезать
|
cut
|
|
басып шығару
|
печать
|
print
|
|
құру
|
создать
|
create
|
|
қою
|
вставить
|
insert
|
|
көшіру
|
копировать
|
paste
|
Саймандар
|
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
|
курсив
|
курсив
|
italics
|
|
уақыт
|
времия
|
time
|
|
Жартылай қалың
|
полужирный
|
bold
|
|
ашу
|
откры
|
open
|
|
мәтін түстері
|
цвет текста
|
text color
|
Балалар біз пішімдеу құрал-саймандарын 3 тілде жетік біледі екенбіз. Ал пернетақтадағы пернелердің атқаратын қызметін білеміз бе ? Олай болса осы пернелерді « Сәйкестендіру » әдісі арқылы дұрыс жауабын көрсетеміз.
|