Сабақтың тақырыбы: Ыдыс - аяқтар. Қағаздан ыдыс - аяқ жасау.
|
|
Сабақтың мақсат-міндеттері:
|
А) білімділік:
|
Оқушыларға еңбекке баулу сабағында қағаздан ыдыс-аяқ жасаудың жолын үйрету.
|
|
Ә) дамытушылық:
|
Оқушылардың ой - қиял қабілетін,шығармашылығын дамыту.
|
|
Б) тәрбиелік:
|
Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу
|
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
|
Дамыта оқыту технологиясы
|
|
Сабақтың типі:
|
Жаңа білімді меңгерту
|
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
|
Сабақтың әдістері:
|
Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап
|
|
Сабақтың формасы:
|
Жеке,ұжымдық
|
|
Сабақтың пәнаралық байланысы:
|
Бейнелеу өнері,математика
|
|
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:
|
Қағаздан жасалынған ыдыстың үлгісі,50мл су,2 ас қасық ұн,қағаз немесе газет,кез-келген ыдыс,қайшы.
|
|
Сабақ барысы:
|
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
|
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының
дайындығын тексеру
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
|
Оқушылардан киізден қуыршақ жасау туралы түсінгендерін сұрау,жасаған қуыршақтарын тексеру.
|
|
ІІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық
|
- Балалар,ыдыстың қандай түрлері бар?
- Оны неден жасайды?
- Қағаздан ыдыс жасауға бола ма?
|
|
|
Балалар,ыдыстың металдан,қыштан,шыны,пластмассадан жасалған түрлері бар.Қағаздан ыдыс жасау шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді.
Оны жасау үшін жұмыс жасау барысындағы реттілікті анықтап алайық.
Жұмыстың жасалу реттілігі:
1.Газет парағын қиып аламыз.
2.50мл суға 2 ас қасық ұн салып,араластырып,желім дайындап аламыз.
3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып,ыдысқа газет қиындылары жапсып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.
4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып,ыдысқа айналдыра желімдейміз.
5.Осылайша 3-4 рет қабаттап,ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.
6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз
7.Дайын кесеге ою-өрнек желімдейміз..
Ереже:
Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін есіңе түсір.
Балаларға өз бетінше жұмысты аяқтату
|
|
|
- Сонымен,қағаздан қандай ыдыс жасалады екен?
- Жасағанқағаз ыдысыңа не салуға болады?
- Жасаған ыдысыңды қалай әшекейледің ?
|
|
VІ. Үйге тапсырма.
|
Келесі сабаққа түйме,бау,жіп,ілгек,қайшы ала келіңдер.
|
|
ҮІІ.Бағалау
|
Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.
|
|