Сабақ жоспары сыныбы: 5 Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары Өткізетін орны: спорт зал



Дата25.03.2017
өлшемі36,53 Kb.
#12374
түріСабақ
Қызылорда облысы

Сырдария ауданы

С.Сейфуллин ауылы

№137 орта мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Рахмет Төребек Әбжапбарұлы


САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сыныбы: 5

Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Өткізетін орны: спорт зал

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  • Дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

  • Қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

  • Өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу.


Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, секундомер, т.б.


Мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқау

І. Кіріспе бөлімі

  • Сапқа тұрғызу.

  • Рапорт қабылдау.

  • Дене тәрбиесі сабағындағы тіршілік қауіпсіздігі ережелерін пысықтап өту .

  • Жүру жаттығулары;

  • Жүгіру жаттығулары;

  • Жалпы дамыту жаттығуларын жасату арқылы оқушыларды сергіту.


20 мин.


Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.

Қолды бүкпей, толық айналдыру

Аяқты бүкпей орындау

Денені тік ұстау

Қолды бүкпей, толық қисаю

Көзді ашып, басты толық айналдыру.

Аяқты бүкпей толық қисаю.



ІІ. Негізгі бөлім

Қазақ ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, тарту және итеріп шығару секілді әрекеттерден тұратын жекесайыс түрлері, «Кім жүйрік», «Балапандар», «Қаршығалар мен қарлығаштар»,  «Ат спорты», «Айгөлек». Қазақ халқының тарихи өмірі, оның ішінде спортпен шұғылдануы жылқы малымен тікелей байланысты.

   Қазіргі заманда көптеген елдерде ат спорты кеңінен тараған.Ат спортымен шұғылдану адамнан батылдылықты, күш-қайратты, сонымен бірге жылқы малына деген шынайы сүйіспеншілікті қажет етеді.

   Қазақта бәйге жарысы мен қыз қуу өте кең тараған.

   Қазақтың ұлттық ат спортының түрлері:

1)     Бәйге - әртүрлі қашықтықтарға атпен жарысу.

2)     Қыз қуу – атқа мініп қашқан қызды қуып жету.

3)     Көкпар – бауыздалған ешкіні тартысу.

4)     Аударыспақ – атқа мінген екі адамның бірін-бірі аттан аударып жерге түсіруі.

5)     Жамбы ату – атпен тоқтамай шауып келе жатып найзаны жоғарыда ілулі тұрған нысанаға көздей лақтырып шаншу.

                    «Айгөлек» ойынын ойнату.

   Ойын жазық жерде өткізіледі. Ойын тәртібі: жиналған балалардың ішінен екеуі шығып, басқаларды екіге бөледі де, әрқайсысы өз тобын басқарады.

   Басқарушылар екі топты бір-біріне қарама-қарсы 40-50 метр қашықтыққа қаз-қатар тұрғызады. Сонан соң екі басқарушы ойын бастайтын топты белгілеу үшін жеребе тастайды да, қайта өз топтарының қасына барып тұрады. Ойын бастаушы топ екінші топтың ішінен (басқарушыдан басқа) бір баланы тақпақ айтып шақырады: - Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізге батыр ұл керек, бізге батыр қыз керек, сонау тұрған Ақжолдың өзі керек, - деп дауыстаған уақытта шақырылған бала тұрған топтан қолын босатып, жүгірген бетімен бірінші тотың қол ұстасып тұрған балаларының арасын кеудесімен үзіп кетуге тырысады. Егерде жүгіріп келуші бала күшті болса, үзіп кетеді. Әлсіз болса, үзе алмай, ұсталып қалады.

   Шақырылған бала қатарды үзіп өтсе, өткен жеріндегі екі баланың бірін өз тобына алып кетеді. Егер үзіп өте алмаса, сол топта қалады. Осыдан кейін ойынды екінші топ жалғастырады.

   Ойын осы тәртіппен бір жағы таусылғанша жалғаса береді.Таусылған жағы жеңілген, қосып алған жағы жеңген болып есептеледі.


20 мин.

Оқушылардың сөре сызығында дұрыс отыруын және сөреден шығуын қадағалау.




ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Үйге тапсырма беру;

Жүйелі түрде бағалау;

Оқушылармен қоштасу.

5 мин.


Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.

Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау


Пайдаланылған әдебиеттер:



Интернет парақшалары;

Әдістемелік нұсқау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет