Сабақ жоспары сыныбы 6қ«а» Сабақтың өткізілетін күні Пән аты: Биология



Дата25.08.2017
өлшемі51,04 Kb.
#26445
түріСабақ
45 САБАҚ ЖОСПАРЫ



Сыныбы

6қ«а»

Сабақтың өткізілетін күні





Пән аты: Биология

Сабақтың тақырыбы: Алқа тұқымдастары.Гүлі мен жеміс құрылысындағы ерекшеліктер,жабайы,мәдени,дәрілік маңызды халық шаруашылық өсімдіктері

Оқыту әдісі: Баяндау, дәстүрлі,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану,зоология
Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Алқа тұқымдастары жайлы білімді қалыптастыру, биология пәні бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Тәрбиелік : Оқушыларды өсімдіктерді қорғауға үйрету,адамгершілік тәрбиесін беру, еңбекке тәрбиелеу, экологиялық мәдениет пен эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
3. Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, жалпы қабілеттілікті дамыту, ерлікті дамыту, қабілеттілікпен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңе білуге тырысу. Танымдық қызығушылықты дамыту, сезімді дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Алқа тұқымдастары гүлі мен жемісі сызбалары, кестелер
Сабақтың құрылымы мен мазмұны:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,сынып дайындығын тексеру, сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру

ІІ.Оқушыларға өткен тақырып бойынша білімін тексеру: барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындалғанын тексеру, жекеленген тапсырманы орындамау себептерін анықтау.

Тексеру әдісі:Ауызша жазбаша.

Сұрақтар:



  1. Орамжапырақгүлділер тұқымдасы

  2. Қыша, ақжелкен

  3. Арыш

  4. Қышабас, жұмыршақ

  5. Ақбасқурай

  6. Орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна

  7. Көкнәр тұқымдастары

  8. Алабота тұқымдастары

  9. Ақ алабота, қызылша, сексеуіл, шпинат

ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру

Түсіндіру әдісі: Ауызша түсіндіру,баяндау, көрнекіліктерді пайдалану.

Алқа тұқымдастар:(кіріккен күлтелілер).2900 жуық түрі бар Гүлдері кіріккен Т(5) жапырақша,кіріккен К(5) жапырақшадан тұрады. Сондықтан кіріккенкүлтелілер деп атайды.Қазақстанда 23 түрі бар.Отаны Оңтүстік Америка.Бірнеше симметрияға бөлетін гүліне сызықтар жүргізуге болады.Жабайы түрлері де бар.Гүлдерідұрыс гүлділер деп аталады.Көпшілігі мәдени өсімдіктер.
Гүл формуласы: * Т(5) К(5) А5Ж(2).Бұталы және шөптектіТағамдық түрлері:
(баклажан, қызанақ, болгар бұрышы) Жемісі - жидек немесе қауашақ
Дәрілік – меңдуана.Сәндік - шырайгүл, қызылқұлақ

Алқа (Solanum) — алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Орман алқабында, қалың шөп арасында, өзен-көл жағалауында, бұлақ маңында өседі. Оның Қазақстанда: ащы Алқа, түксіз Алқа, картоп, баклажан, парсы Алқасы, қара Алқа, ольга Алқасы сияқты 7 түрі бар. Биікт. 20-80 см, кейде 2-3 м келеді. Сабағы тік не жайылып өседі. Жапырағы бүтін жиекті, қалақ не күрделі қауырсын пішіндес. Гүлі ақ, кейде көкшіл түсті. Ол қалқан тәрізді гүлшоғырына шоқталған. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, шілде — қыркүйекте жемістенеді. Жемісі — жидек не түйнек. Жемісі мен сабағында соланин алкалоиды бар. Шикі жемісі мен сабағы, жапырағы улы болады. Қара Алқаның жемісін тамаққа пайдаланады.

IV. Жаңа материалды бекіту: (қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар)

Сұрақтар:

1.Алқа тұқымдастары.

2.Гүлі мен жеміс құрылысындағы ерекшеліктер

3.Жабайы және мәдени түрлері

4.Дәрілік маңыздылары

5.Халық шаруашылық өсімдіктері

Кесте толтыру



Құрылысы

Шаршыгүлділер тұқымдастары

Алқа тұқымдастары

1

Гүлі







2

Сабағы







3

Жапырағы







4

Жемісі







5

Тамыры







6

Өсу формасы







7

Өсетін орны







8

Түр саны







9

Маңызы







10

Қызыл Кітапқа енген түрі








V. Қорытындылау (білімін бағалау): Алқа тұқымдастары жайлы өтілген сабақтың ұғыну сапасы мен деңгейін анықтау және түсінбеген жерлерін түзулеу, жоспарланған сабақ барысын толық ұғынғанына көз жеткізу.

VІ. Үй тапсырмасы: Алқа тұқымдастары.Гүлі мен жеміс құрылысындағы ерекшеліктер,жабайы,мәдени,дәрілік маңызды халық шаруашылық өсімдіктері

Биология пәнінің мұғалімі: _______ Г.Е.Ускенова

____________________


Биологиялық диктант





  1. Өсімдіктерде________,___________,________,_______әрекеті болады.

  2. Фотосинтез________,ал тыныс алу________жүреді.

  3. Жер бетіндегі өсімдіктер жылына ________СО 2 сіңіреді.

  4. ________,_________,__________ өсімдіктің өсімді мүшесі.

  5. Жер үсті мүшелері: ______,_________,___________.

  6. Көбею мүшелері: ______,_________,___________ .

  7. Жапырақта жарықта______________ әрекеті, ________пластидтерінің қатысуымен жүреді

  8. Өсімдіктер ________ағза.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет