Сабақ жоспары Сынып: 5 Пән: Жаратылыстану Тақырыбы: Астрономия ғылым ретінде, жұлдызды аспан



Дата08.02.2022
өлшемі20,69 Kb.
#97966
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ Жоспары Жаратылыстану 5сынып


Орындаған: ГИ-30 тобы студенті Жандуллаева Ақмарал

Сабақ жоспары
Сынып: 5
Пән: Жаратылыстану
Тақырыбы: Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан
Сабақтың мақсаты :Оқушыларға аспан денелері туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Жұлдызды аспан және жұлдыздар жүйесі туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жинақтаған білімдерін ары қарай дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өзара түсіністікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақ типі:Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру
Көрнекіліктер: суреттер, үлестірме қағаздар
Пән аралық байланыс:физика
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру сәті(2 мин)
2.Пысықтау сұрақтары(8 мин )
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (25мин)
4.Жаңа тақырыпты бекіту (5мин)
5.Бағалау (3мин)
6.Үйге тапсырма беру(1мин)
1.Ұйымдастыру
— сәлемдесу
-оқушыларды түгендеу
— сабаққа назар аударту
2.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Оймаржан
1.Жаратылыстану қандай ғылым ?
2.Табиғатты оқып үйренудің әдістерін атаңдар?
3.Табиғаттанушыларға арналған неше қағида бар ?
4.Астрономия қандай ғылым ?
5.Жаратылыстанушы ғалымдар туралы айтындар?
2.Ұлы есімдер
Ш.Уәлиханов
Н.Коперник
К.Линней
Әбу-Райхан-әл-Бируни
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қандай жұлдыздардың аттарын білесіңдер ?
Ашық бұлтсыз түнде құрал – жабдықты пайдаланбай аспан әлемінде сансыз жарқырап тұрған жұлдыздарды көруге болады.Адамды тек жұлдыздың әдемілігі ғана емес оның аттарыда соншалықты қызықтырған. Мысалға, Антарес,Альдебаран,Таңшолпан,Жетіқарақшы,Үркер және т.б.
Сонымен , жұлдызды аспан кеңістік дегеніміз не ?
Бұл әр түрлі пішіндегі, бір – біріне ұқсамайтын аспан денелері.Олардың негізін жұлдыздар тобы құрайды. Жұлдыз дегеніміз — бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.Күннің бізге үлкен болып көрінуі себебі, ол Жерге басқа жұлдыздардан гөрі көп жақын.Ал әрбір жұлдыз бізден өте алыста тұрған Күн деп есептеуге болады.Біздер үшін барлық жұлдыздар әлемі бірыңғай айналып жүреді де Темірқазық жұлдызы орнынан жылжымайтын сияқты көрінеді. Шындығында жұлдыздар емес ,біздің Жер ғаламшарымыз айналады.Ал Темірқазық жұлдызы әрдайым солтүстік бағытты көрсетеді.Жұлдыздарды зерттеуде ғылымға үлкен еңбек сіңірген Ұлықбек болды.Оны қызықтырған аспан әлемі мен табиғаттың құпиялары.Обсерваторияда көптеген аспан денелерінің құпиялары ашылып 1018 жұлдыздан тұратын жұлдыздаркатологы жасалынды. Жұмысының нәтижесі « Жаңа астрономиялық кесте » атты белгілі еңбегінде көрсетілді.Жұлдызды аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы.Түнде жай көзбен аспан сферасының жартысынан , ауа райы жақсы жағдайда, бір мезгілде 2,5 мыңдай жұлдызды көруге болады.
Жұлдыздардың көбі қайда орналасқан ? Галактикалық жыл деген не ? Жерге ең жақын жұлдызды қайсы деп ойлайсындар ?
Ашық айлы түнде сансыз жұлдыздар жарқырап көрініп тұрады. Олардың көрінетінін, көрінбейтінін жинақтап адамдар ғарыштық кеңістік деп атайды.Ғарыштық кеңістіктің үлкендігі сондай,оны біздің қолданып жүрген өлшем бірлігімен есептеп , шекарасын анықтау мүмкін емес.Бұндай шексіз ара қашықтықты жарық жылмен есептейді. Жарық жыл – жарықтың 1 жылда өтетін қашықтығы немесе бір жылда 946 млн шақырымға жетеді.Жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Соның бірі біздің Галактикамыз — Құсжолы .Күн де басқа жұлдыздар сияқты галактиканың орталық нүктесінен шамамен 250 миллион жылда айналып өтеді.Бұл уақытты Галактикалық жыл деп атайды.
Ғарыштық кеңістік дегеніміз – әр түрлі пішіндегі қалыптасып , жер атмосферасының тысқары жатқан өзіндік жұлдыздары, ғаламшарлары, астероидтары, кометалары мен шаң- тозаңды газдары бар ғаламшар, жұлдыз , галактика аралық бос кеңістік.
4.Жаңа тақырып бекіту:
Қорытынды:

  1. Жұлдыз дегеніміз — бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.

  2. Жұлдызды аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы.

  3. Жарық жыл – жарықтың 1 жылда өтетін қашықтығы немесе бір жылда 946 млн шақырымға жетеді

  4. Жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды

  5. Ғарыштық кеңістік дегеніміз – әр түрлі пішіндегі қалыптасып , жер атмосферасының тысқары жатқан өзіндік жұлдыздары, ғаламшарлары, астероидтары, аралық бос кеңістік.

  6. Оқушыларды бағалау

6.Үйге тапсырма:§ 4. Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан.

  1. Қорытынды сөз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет