Бекітемін
директордың
оқу ісінің орынбасары
__________Г.Т. Муканова
Сабақ жоспары
Сынып: 6 «A»
Сабақтың тақырыбы: Ұлпалар туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлпа, ұлпаның түрлерімен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік : Оқушыларға ұлпаның түрлері туралы дүниетанымын арттыра отырып, оқу материалдарын толық меңгереді.
2. Дамытушылық: Оқушылар қосымша мәліметтермен жұмыс істеу қабілетін дамытады, өз көзқарастарын қорғай білуге үйренеді.
3. Тәрбиелік: Оқушылар еңбекке, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.
II. Пысықтау. 3 мин
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру, слайд.15 мин
IV.Білімді бекіту. 8 мин.
V. Үй тапсырмасын сұрау. 15 мин
VI. Үйге тапсырма беру. 1 мин.
VII. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин
VIII. Қорытынды сөз. 1 мин
Сабақтың барысы:
І. Амандасу. Түгендеу. Оқушылардың сабаққа әзірленуі.
II. Өткен тақырып бойынша шолу, яғни сұрақ- жауап арқылы.
III. Жаңа тақырып. Ұлпалар туралы түсінік.
Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке-жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.
Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.
Шығу тегі бірдей құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа д.а. Нағыз ұлпалар папротниктәрізділерде, ашық тұқымдыларда, гүлді өсімдіктерде жақсы, ал мүктерде өте нашар дамыған.
Атқаратын қызметіне қарай ұлпалар түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек (механикалық), өткізгіш, бөліп шығарушы деп топтастырылады. Ұлпа жасушалары тірі және өлі болады. Өлі жасушаларының ішінде цитоплазмасы болмаса да өсімдікке қажетті физиологиялық қызмет атқарады. Жасушааралық кеңістіктері аз болса, ұлпа жасушалары бір-бірімен өте тығыз, ал кең болса арасында бос орын көбірек қалып бостау орналасады.
Ұлпа – жасушалардың бөліну, өсу, жіктелу нәтижесінде пайда болған (түзілген) шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметі бірдей жасушалар жүйесі.
Түзуші ұлпалар (меристема – грекше «меристос» - бөлінуші) ұдайы бөлініп жаңа жасушалар түзіледі. Жануарларда түзуші ұлпа болмайтындықтан өсуі шектеулі болады. Өсімдікте орналасуына қарай: а)төбе(апикальды); ә)бүйір(латеральды); б)қыстырма(интеркалярлы); в)жарақат(каллюс) меристемасы деп бөлінеді. Өсімдіктің ең алғаш өсуі өркені мен тамырының ұшында орналасқан төбе меристемасы мен жанама меристемасы жасушаларының бөлінуінен басталады.
Түзуші ұлпа жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан майда- қабықшасы жұқа пектинді – целлюлозалы, цитоплазмасы қою, ядросы ірі, вакуольдері ұсақ (нашар дамыған), қарқынды бөлініп, жаңарып тұрады.
А. Төбе меристемасы (апикальды – латынша «апекс» - ұшы, төбесі) сабақ пен тамырдың ұшында орналасқандықтан ұзарып өсіреді (сабақ пен тамырдың ұзарып өсуі). Әрбір өркен, тамыр, одан таралған бұтақтарының ұшында, ұрық тамыршасы мен бүршікшесінде төбе меристемасы орналасқан жері өсу нүктесі (үрім) д.а. Өсу нүктесі жарақаттанғанша өсімдік өсуін тоқтатпайды, сондықтан сабақ пен тамыр ылғи ұшынан өседі. Өсу нүктесінің шеткі аймағы жасушаларының бөлінуінен жапырақ төмпешіктері пайда болып, оның жасушалары ары қарай бөлініп бүршіктер дамиды. Төбе меристемасы – вегетативті өркендер, гүл өркендері және тамыр ұшының меристемасы деп бөлінеді.
Ә. Бүйір меристемасы (латеральды) өсімдік сабағы мен тамырының ішкі жағына орналасады, оған перицикл, прокамбий және тоз камбий жатады. Прокамбий жасушалары ұзынша, цитоплазмасы қою, әр түрлі бағытта бөліне алады. Одан өткізгіш ұлпалар мен соңғы түзуші ұлпа, яғни камбий түзіледі. Камбий өсімдікті жуандатып өсіреді. Тоз камбийі қабықтың тоз қабатын жуандатса, перицикл тамырда болатындықтан одан жанама тамырлар дамиды.
Б. Қыстырмалы меристема (интеркалярлы) астық тұқымдас өсімдіктердің(бидай, жүгері, күріш) буынаралығының түбі мен жапырақ сағағының түпкі жағында, гүл сидамында орналасады. Қамыс, жүгері, бидай, т.б. өсімдік сабақтарының буынаралықтары ұзаруы мен жапырақтардың қынабының жалпақ болып өсуі меристеманың осы түріне байланысты.
В. Жарақат меристемасы (каллюс) атына сай өсімдіктің әр түрлі әсерден (зиянкестер, жануарлар, адамдардың әсері) сынып зақымданған жеріне жақын жатқан тірі жасышалардың бөлінуінен түзілетін ұлпа. Дереу, өте қарқынды бөліне бастаған жасушалар көлемін ұлғайтып зақымданған жерді түгел жабатындай дәрежеге жетеді. Әсіресе жапырақ, жас өркендер мен тамырдың зақымданған жері тез жетіліп бұрынғы қалпына келеді. Жарақат меристемасы жасушаларының бөлінуі нәтижесінде өткізу қызметін атқаратын жеке жасушалар түзіледі. Соңғы кезде ғылымда аналық өсімдіктен жасушалар тобын бөліп алып жасанды қоректік ортада өсіру әдісін пайдалану қолға алына бастады. Мұндай әдістің ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында баяу көбейтетін, сирек кездесетін өте құнды түрлерді көбейтуге пайдасы зор болмақ.
Қорыта келгенде, өсімдікте болатын барлық ұлпа түзуші ұлпадан түзіледі, себебі жасушалары дамылсыз бөлініп жаңа жасушалар пайда болады. Өсімдіктің барлықы мүшелері ұзарып, ағаштар мен бұталардың жылдан жылға жуандап өсуі тек түзуші ұлпаға ғана байланасты. Түзуші ұлпа болмаса, өсімдік өспейді және дамымайды, жаңа мүшелер мен ұлпалар түзілмейді.
Жабын ұлпа өсімдіктің барлық мүшелерінің сыртын қаптап жауып тұратын жасушалар жиынтығы. Негізгі қызметі: өсімдіктің ішкі жағындағы су, газ, жылуды тұрақты етумен қатар сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан, зиянды жәндіктер мен микроағзалардың зақымдануынан қорғау. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамсыз етеді. Жабын ұлпа – алғашқы (бастапқы) және соңғы деп 2-ге бөлінеді. Алғашқы жабын ұлпаға жер үсті мүшелерін қаптап тұратын өң (эпидермис) және тамыр сыртын қаптап тұратын өң(эпиблема) жатса, соңғы жабын ұлпаға тоз бен қыртыс жатады.
Өң (эпидермис) тұқым ұрығы жетіле бастағанда-ақ түзуші ұлпадан дамиды. Өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбінесе бір қабат жасушалардан (өте сирек жағдайда екі немесе көп қабатты болады) құралады. Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір-бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу, тегіс, ирек-ирек (қысымды бірқалыпты сақтап, беріктік қасиет береді) болады. Цитоплазмасы қабықшаны астарлай созылып жатады. Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі вакуольі болғандықтан эпидермис түссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофилл дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орамжапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Өң жасушаларының қабықшасы сыртқа қараған жағы қалың және саңылаулары болмайтындықтан шаңдақ зат (кутикула) жауып тұрады. Ол ылғалы тапшы жерде өсетін өсімдіктердің суға батып тұратын бөлімінде шандақ зат қабықшасы жұқа, әрі саңылаулары болатындықтан басқа жасушалармен байланысып зат алмасуға қатысады. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады.
Эпиблема жасушаларының қабықшасы өте жұқа, сыртында шаңдақ заты (кутикула) болмайды, цитоплазмасы да жабысқақ, жанаспалы жасушалары жоқ. Әр жасушасы тамыр түктерін түзуге қабілетті болғанымен ерекше жасушалардың (трихобласт деп атайды) сыртқы қабықшасының ұзарып созылуынан ұзындығы 1-2 мм біржасушалы өскінше түктер пайда болады. Олар әрбір 15-20 күн сайын жаңарып отырады. Эпиблема жас тамырлардың сыртын қаптап жатады.
Соңғы жабын ұлпа(тоз бен қыртыс). Алғашқы жабын ұлпа, яғни өң (эпидермис пен эпиблема) өсімдікте ұзақ сақталмай шетінен түлеп түсіп, орнын біртіндеп пайда болатын соңғы жабын ұлпалар басады.
Тоз. Эпидермис өсімдікте бірнеше айдан 2-3 жылға (омела өсімдігінде 15 жылға дейін сақталады) дейін сақталып қорғаныштық қызметін атқарады. Ол түлеп түскен соң түзуші ұлпа жасушалары бөлініп, өте берік, жасушааралық кеңістіктері болмайтын және жасушалары өте тығыз кірпішше қаланып жататын жаңа ұлпа, яғни тоз пайда болады. Мұны әсіресе ағаш пен бұта өсімдіктері діңдері қабығының қоңырқай түске ене бастағанынан байқаймыз.
Эпидермис жасушалары бір қабатты болса, тоз жасушалары көп қабатты. Жыл сайын оның қабаттары қалыңдай береді, бір жылда 2-ден 20 қабатқа дейін қосылады. Жасушалары алғашқыда тірі болғанымен, қабықшасы түрлі өзгеріске ұшырап (ағаштану, минералдану, тоздану), қалыңдап ауа мен суды ішке өткізбей өлі жасушаларға айналады. Сонда да қорғаныштық қызметін атқарады, тірі жасушалары температураның күрт өзгеруінен қорғайды. Тоз өсімдік сабағынан басқа жер асты мүшелері тамыр, тамырсабақ, түйнектерінде түзіледі. Өлі жасушалардың ішін ауа (еменде), ақ түсті түйіршікті заттар бетулин (қайыңда) және иілік заттар толтырылады. Тоз суды, газды, жылуды, дыбысты, электр тоғын өткізбейді, әрі шірімейді, сондықтан ыдысқа тығын, электр тогына изолятор болып, ұшақ құрылысы мен тоңазытқыштар жасау өндірісінде кеңінен қолданылады.
Жасымықша – арасында көптеген жасушааралық қуыстары (кеңістіктері) бар, тозданған дөңгелек пішінді жасушалар тобынан тұратын тоз ұлпасының ажыраған (үзілген, жыртылған) жері. Жасушааралық ауа кеңістіктері арқылы сабықтың ішкі ұлпаларына өтеді. Әсіресе жас бұтақтардың сыртындағы көзге көрініп, қолға білініп тұратын пішіні жасымыққа ұқсаған бұдырлы төмпешіктер. Жасымықша пайда болған жерде тоз түзетін қабаттың жасушалары өте қарқынды бөлінгендіктен түзілетін қалың меристема қабықты керіп жібереді. Қысымға шыдамай қабық жыртылады. Өсу дәуірінің аяғында(қысқа қарай) жасымықшаларды бітеп тастайтын жіңішке біртұтас қабат түзіледі. Көктемде жасушалардың қайта қарқынды өсуінің әсерінен қабат жыртылып, жасымықшалар әрі қарай тыныс алу қызметін атқара бастайды. Өсімдіктің тамырында және қарағайда жасымықшылар болмайды. Қарағайдың тоз қабаты тұтасып жатпай үзік-үзік болатындықтан тоз жасушалары жоқ жерінде газ алмасу жүреді.
Жасымықша арқылы ауа ішкі ұлпаларға өтетініне көз жеткізу үшін ұзындығы 10-20 см бұтақты кесіп алып, бір ұшын пластилинмен бітеп суға батырып, екінші жағынан ауа үрлесе, ауа көпіршіктері жасымықшалар арқылы шығады. Тоз қабаты өсімдікте ұзақ жылдар сақталады.
Қыртыс (сары қабық) тамыр мен сабақтың жуандап өсуінен тоздың сыртында пайда болады, жасушалары өлі. Сабақ жуандаған сайын тоз бен қыртыстың кернелуінен әр жерінен жарыла бастайды. Жарылған жерін жаңадан пайда болған тоз жасушалары толтырады. Әсіресе діңдері жуан емен, қараағаштардың қабықтары тегіс болмай сай-сай болып тұрады. Бұларды сайлы қыртыс дейді. Қылқан жапырақты ағаштарда (қарағай, шырша, балқарағай, т.б.) қыртыстары қабыршақтанып жұқалау болады. Бұны қабыршақты қыртыс дейді. Қыртыстарына арап ағаш түрін ажырату қиын емес. Тоздың жаңа қабаты түзілген сайын қабық қалындай береді.
Қорыта келгенде, өсімдікте жабын ұлпаның 3 қабаты болады: өң, тоз, қыртыс (сары қабық).
Негізгі ұлпа. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі ұлпа дейді. Негізгі ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап тұрады. Вегетативті және генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары тірі, пішіндері дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа (кейде қабықшасы қалындап ағаштанады, мысалы, сүрек, кофе, пальма тұқымдары).
Атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші ассимиляциялық, қоректік (қор жинаушы), су жинаушы, ауа жинаушы(аэренхима) деп бөлінеді.
Фотосинтездеуші ассимияляциялық ұлпа жапырақтың жас сабағы мен піспеген жемістердің негізін құрайды.
Жапырақ тақтасының ортаңғы жұмсақ бөлігі (мезофилл) түгелдей фотосинтездеуші ұлпа болғандықтан жасушаларында хлорофилл дәндері өте көп, сондықтан фотосинтез процесі жүреді. Жасушалары орналасуына қарай бағаналы және борпылдақ деп бөлінеді. Бағаналы жасушалы жапырақ тақтасының үстіңгі бетінде өңнің астына бағана тәрізді ұзынша бір-біріне тығыз орналасады. Ал борпылдақ жасушалары жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасып, жасуша арқылы қуыстары кең болғандықтан борпылдақ деп аталады. Бағаналы жасушалар ауадағы көмірқышқыл газын қабылдап органикалық зат түзуге қатысса, борпылдақ жасушалар суды көбірек буландырып газ алмасуға қатасады, сондықтан газ алмастыратын ұлпа деп те аталады. Көлеңкелі жерде өсетін өсімдіктерде бағаналы ұлпа жақсы жетілмейды. Фотосинтездеуші ұлпаларда түзілген органикалық заттардың өсу дәуірінде жұмсалғаннан артылғандары қор жинаушы қоректік ұлпаға қарай ағады.
Қоректік ұлпа. Өсімдіктегі органикалық заттардың (нәруыз, көмірсулар, май) артығын қорға жинауға бейімделген жасушалардың тобы. Әдетте жасуша қабықшасы жұқа болғанмен атқаратын қызметіне қарай біртіндеп қалыңдайтын кездері болады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде қоректік ұлпа кездеседі, мысалы: бір жылдық және көп жылдық өсімдік тұқымдарының эндоспермінде (ұрығында), түйнегінде, пиязшығында, жуан тамырларында, сабақ өзегінде, жапырағында. Қор заттары ерітінді күйінде(пияз қабыршағында, қант қызылшасының тамырларында) қатты күйде (картоп түйнегінде, бидай дәнегінде, тұқымында, түйнек тамырда) кездесе береді. Су қорын жинаушы қоректік ұлпаларда аты айтып тұрғандай су көп мөлшерде қорға жиналады. Шырынды өсімдіктерде (кактус, алоэ, агава, т.б.) де сортаң топырақта өсетіндерде (соран) су жинайтын жасушалары өте ірі, қабықшасы жұқа болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында 85 %-ға дейін су кездеседі. Бұл өсімдіктің күнделікті тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін су. Көптеген өсімдіктердің белгілі мүшелеріндегі арнаулы жасушаларында су қоры сақталады. Ол көбінесе суы тапшы жерде басқа бір өсімдікке жабысып өсетіндерде (эпифиттер) және өте шырынды өсімдіктерде кездеседі.
Суы тапшы, ауасы құрғақ, күн сәулесі көп түсетін жерде өсетін өсімдіктерді «ксерофиттер» дейді. Олардың құрамына жусан, изен, сиыр құйрық, кекіре сияқты өсімдіктер кіреді. Жасуша қабықшасы жұқа, вакуольі ірі, шырыны сұйық болып ыстық күнде қорға жиналған суды пайдаланады. Су қорын жапырағына жинайтындар: сораң, алоэ, агава, бозклем, жасаңшөп, ал сабағына жинайтындар кактустар, сүттігендердің біраз түрлері.
Ауа қорын жинаушы өсімдіктер сазды, батпақты, сулы ортада өседі. Суда өсімдіктердің сабағы мен тамырындағы жасушаларының жасушааралық кеңістіктері өте кең болғандықтан жиналған ауа, оттегі және көмірқышқыл газымен қамтамасыз етеді. Сонымен негізгі ұлпаға, фотосинтездеуші, органикалық заттар, су, ауаны қорға жинаушы ұлпалар кіреді.
Тірек ұлпа. Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жамбырға майыспай, сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады).
Колленхима - өсіп келе жатқан жас сабақта, жапырақ сағағында, жапырақ жүйкелерінде болатын жасушаларында цитоплазма, ядро, вакуоль, хлорофилл дәндері бар қабықшасы қалыңдамаған тірі жасушалардан тұратын, өсу қабілетін жоймаған алғашқы тірек ұлпа. Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан. Жасушааралық қуыстары болмайды, пішіндері қабықшаның қалыңдауына байланысты бұрышты (әр жерінен қалыңдайды), ұзынша, т.б. Бұрышты колленхима бегония, алабота, қызылша, картоп, раушан жапырақтарының сағағында, асқабақтың жас сабағында өңнің астын ала қатарласып жатады.
Жасуша қабықшасы қатайып ағаштанбайды, целлюлозадан тұрады. Осы себепті жасуша өскен сайын еркін созылып өседі, бөлінеді, пішінін өзгерте алады.
Склеренхима жасушаларының пішіндері ұзынша қабықшасы біркелкі қалыңдап ағаштанған қатты, орналасқан жеріне қарай тін талшығы және сүрек талшығы деп екіге бөлінеді. Тін талшығының жасушасы ірі жіңішке ұшы сүйір, талшық сияқты, ұзындығы 1-200 мм, өте берік, қабықтың тін қабаты мен түтікті талшық шоқтарында болады. Талшықты өсімдіктер: зығыр, талшығының ұзындығы 4-60 мм; қарасоранікі 8-40 мм; қалақайда 5-55 мм. Тін талшығы қабық бөлімінде болатындықтан өсімдік қатты майысқан кезде мықтылық қасиет береді. Әсіресе тығыз талшығы таза жасуынықтан тұратындықтан сапалы тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.
Сүрек талшығы камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе түзіледі. Қабықшасы сүректенген тін талшығынан қысқарақ, ағаш сұлбасы (корола) діңінің салмағын жеңілдетеді. Сүрек талшығы дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабағында, жапырағында және тамырында болады.
Ағаш сүрегінің қатты, тығыз немесе жұмсақ жеңіл болуы сүрек талшығы жасушалары қабықшасының қалындауына байланысты. Жасушасы өте қалың қабықшалы ағаштар: емен, талшын, қайың, т.б. Сүрегі өте тығыз, салмақты және берік қабықшасы онша қалыңдамағандарға тал, үйеңкі, шаған, т.б. жатады. Ал сүрегі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, бұл қасиеті әр түрлі өнеркәсіп орындарында түрлі бұйымдар (ыдыс, аспап, уық, кереге, шаңырақ, есік, терезе, т.б.) жасағанда еске алынады.
Склереида («склероз» - қатты) – жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түлі мүшелерінде кездесетін, жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған тірек ұлпасының бір түрі. Кейде оны қиыршық тасты жасушалар деп те атайды. Хинин ағашының тамырында, сарғалдақтың тамырсабағында, алхоры, шие, шабдалы, өрік, жиде, алша, долана жемісінің сүйегінде, жаңғақ, емен жаңғағы, тары тұқымының сыртындағы қатты қабығы және қауызында, алмұрт, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етінде болады. Сонымен склереида өсімдік мүшелерінде бірдей кездеспей, кейбір мүшелерінде дара жасуша болып, топтанып немесе сыртын тұтас қаптап жататын қабық түрінде кездеседі. Егер оның жеке бір жасушасын алып қараса, қабықшасы өте қалың, арасында тармақтанып жатқан саңылаулары бар, цитоплазмасы болмағандықтан өлі жасуша, дегенмен ағаш пайда болған кезде жасушалары тірі болады. Қорыта келгенде тірек ұлпасы өсімдіктің барлық мүшелерінде қаңқа қызметін атқарады, сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап, өсімдікке мықтылық, иілгіштік, серпімдік қасиет беріп, морт сынудан сақтайды.
Өткізгіш ұлпа. Өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобын өткізгіш ұлпа дейді. Жасушаларының іші қуыс түтікше тәрізді, өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді.
Төмен ағыс жолымен (флоэма) фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген органикалық заттар жапырақтан басталып, тамыр, сабақ, жеміс, түйнек, т.б. мүшелеріне таралады. Қылқан жапырақтыларда органикалық заттар сүзгі тәрізді жасушалар арқылы, ал гүлді өсімдіктерде сүзгілі түтіктері арқылы қозғалады. Сүзгі тәрізді жасушалар ұзынша, ұшы сүйірленген. Оның серік жасушалары болмайды, майда саңылаулары жасуша қабықшасының жан-жағына орналасқан.
Сүзгілі түтік жасушалары тірі, бірінің үстіне бірі қаланып жатқан жасушалардың көлденең перделерінде сүзгі тәрізді көптеген майда тесіктері болады, сол арқылы көршілес орналасқан жасушаларға органикалық қорек заттары өтеді.
Өсімдік сабағында төмен ағыс жолы элементтері (флоэма) ксилеманың (сүрек) сыртында (қабықта) жапырақ тақтасының астыңғы бетіне орналасқан.
Өткізгіш шоқтар сүрек (ксилема) пен қабық (флоэма) өткізгіш элементтерінің шоғырлануы кейде тек ксилемадан немесе тек флоэмадан ғана құралуы мүмкін. Шоқтың айналасында басқа да тірі және өлі жасушалар болады. Дара жарнақты өсімдіктердің (бидай, жүгері, пияз) сабақтарында өткізгіш шоқтар шашырап ретсіз орнасса, қос жарнақтылар мен ашық тұқымдыларда белгілі бір ретпен шеңбер құрып орналасады.
Ксилема және флоэма элементтерінде қосымша тірек ұлпасы болса, оны түтік – талшық шоқтары деп атайды. Тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет беріді, әрі қолайсыз жағдайлардан қорғайды. Кейде шоқты айнала қоршай орналасып өткізгіш ұлпа жасушаларының қуысы қабысып қалмауына себепші болады.
Өткізгіш шоқтар өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Жапырақ тақтасындағы әр түрлі пішінде тарамдалып жатқан жүйкелері түгелдей өткізгіш шоқтардан тұрады, ол сабақпен байланысты. Сондықтан жоғары және төмен ағыс жолдарымен қозғалатын қоректік заттардың барлық түрлері. Өсімдіктің бүкіл мүшелерінің бірін қалдырмай бәріне жеткізіледі.
Бөліп шығарушы ұлпа. Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер, жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т.б. Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді. Зат алмасудың ақырғы өнімі жасушаның ішінде немесе арайы орында жиналады. Орналасқан орынына, физиологиялық қасиетіне, сұйық және қатты түріде болуына қарай бөліп шығарушы ұлпалар екі түрлі жолмен пайда болады: а)схизогенді; ә)лизегенді.
Схизогенді жолмен бөліп шығарушы ұлпа ең алдымен бір жасушаның бөлінуі нәтижесінде түзілген жасушалардың бір-бірінен ажырауынан жасушааралық кеңістіктер пайда болып әрі қарай кеңи береді. Жан-жағында орналасқан жасушалардан бөлінген шырыш, шайыр, эфир майы жасушааралық кеңістікте (кейде бөліп шығаратын заттардың «арнаулы орын» деп те атайды) жинала береді, мысалы: қылқан жапырақты ағаштардан (қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, т.б.) бөлінетін шайыр жолы созылып едәуір жолды алып жатады. Шайыр жолы қабықтан сыртқа шықпайды. Бірақ көп жағдайда қарағай діңінен мөлдір сарғылт түсті шайырдың ағып, тамшылып тұрғанын жиі көруге болады. Бұл тек шайыр жолы тесіліп, жарақаттанған кезде ғана болатын құбылыс. Қабығы тұтасып жатқан жерден шайыр ақпайды, шайыр сыртқа шығысымен дереу қатып қалады. Шайырдан скипидар камифоль дайындау үшін шайыр жолын кез келген жерінен кесіп барып шайырды ағызып алады. Шайыр жолы сүрек пен қабық бөлімінде ұзындығынан бойлап та, көлденең бағытталып та, кейде өзара бір-бірімен қосылып күрделеніп кетеді.
Сүт жолы бөліп шығарушы ұлпаның ерекше типіне жатады. Ол өсімдіктің барлық мүшелерін қамтиды. Сүт жолын құрайтын жасушалардың вакуольінеде сүт шырыны (латекс) бар. Өсімдік түріне байланысты сүтті шырын ақ (сүттіген, таусағыз, бақбақ, жер сағыз, т.б.), қызғылт-сары (сүйелшөп) түсті болады. Сүтті шырының құрамында алколоидтар, иілік заттар, көмірсулар, майлар, нәруыздар бар. Сондықтан резңке, каучук жасау өнеркәсібіне кеңінен қолданылады.
Лизигенді (еру) жолымен пайда болу кезінде алдымен жасушалар тобы ақырғы өнімдерді (шайыр, эфир майы, т.б.) көп бөледі де ақырында жасушалр тобы еріп бос орын түзіледі.
Сү жанаспалы жасушалары (су устьицесі) - өсімдік денесінен су бөліп тұруға икемделген безді жасушалар тобы. Жапырақ тақтасының өңінде болатын ауа жанаспалы жасушалары сияқты, олар өң жасушаларының бөлінуінен қабықшалары жұқа, жанаспалы жасушалар ірі жапырақ жүйкелерінің ең ұшында жеке-жеке немесе топтанып орналасады. Безді жасушалар рөлін атқаратын су жанаспалы жасушалары арқылы артық сулар жапырақ жиектерінен тамшы болып бөлінеді. Су жанаспалы жасушаларының ішінде суға толы жасушааралық қуыстары көп.
ІV. Бекіту.
Өсімдік ұлпалары
Аттары
|
Ұлпалардың құрылысы және маңызы
|
Өсімдікте орналасуы
|
Түзуші ұлпа
|
Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, жапырақтары, бүршіктері, гүлшанақтары ашылады. Тұқымынан жас өсімдіктер(өскін) өсіп шығады. Сабақ пен тамыры ұзарып өседі. Ағаш діңі жуандайды. Басқа ұлпалар осы ұлпадан түзіледі.
|
Өркен мен тамырдың ұшында. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, жүгері, тары) сабақтарының буын аралықтарында. Сабақ пен тамырдың қабық астында
|
Жабын ұлпа
|
Жасушалары бір-біріне өте тығыз жанасады, сондықтан өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан (ыстық, суық, қатты жел, зиянкестермен зақымдану) сақтап қорғайды. Сыртқы ортамен қатыныс жасайды (ауа мен пайдалы газдарды, күн сәулесін ішке өткізіп, сыртқы судың артығын буландыру).
|
Өсімдіктің барлық мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, гүл, жеміс) сыртын қаптап тұрады. Жапырақтар мен сабақтар, жемістер, тұқымдардың сыртындағы жұмсақ және қатты тікенекті түктері.
|
Тірек ұлпа
|
Жасушаларының қабықшасы алғашында жұқа болғанымен біртіндеп қалыңдайды, мықтылық, тірек қызметін атқарады. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сыныудан, майысудан қорғайды. Өсімдік қанша нәзік болса да тірек ұлпасының арқасында қатты дауылға, нөсер жамбырға майысып барып, қайта қалпына келеді.
|
Өсімдіктің барлық мүшелдерінде белгілі бір тәртіппен орналасады. Тамыр мен сабақта. Жапырақ жүйкелерінде. Жемістің жұмсақ етінде. Тұқымда (өрік, шие сүйектері мен жаңғақтың сыртын қаптап тұрған қатты қабықтар) т.б. жерлерде.
|
Негізгі ұлпа (қор жинаушы, фотосинтездеуші)
|
Жасушалары ірі, сондықтан зат алмасудың артық өнімдері қорға жиналады, онымен ұрық және тағы басқа өсімдіктердің жас мүшелері қоректенеді. Жапырақтағы фотосинтездеуші ұлпаның жасушаларында хлорофилл дәндері болатындықтан жарықта органикалық зат түзеді. Онымен бүкіл тірі организмдер қоректенеді. Жасуша арасында бос кеңістікте ауа жиналады. Онымен өсімдіктер тыныс алады. Ірі жасушаларда су жиналады. Қуаңшылық жерде өсетін өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етеді. Атқаратын қызметіне байлансты жасуша пішіндері де әр түрлі.
|
Өсімдіктің барлық мүшелерінде қабықтан бастап барлық ұлпалардың арасын толтырып тұрады. Жапырақтың ортаңғы қабаты, сабақтың, тамырдың, тұқымның, түйнектің, пиязшықтың, тамырсабақтың барлығында болатындықтан негізгі ұлпа д.а.
|
Өткізгіш ұлпа
|
Жасушаларының пішіндері әр түрлі, ұзынша. Жасушааралық перделері мен қабырғаларында сүзгі тәрізді ұсақ тесіктері болады. Сол арқылы жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелері мен сабақ, жеміс, тұқымға өткізеді. Топырақтан тамырдың сорып алған минералды заттарының ерітіндісі жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.
|
Тамырда, сабақта, жапырақ жүйкелерінде. Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырады. Сондықтан барлық мүшелерінде өткізгіш ұлпалар орналасады.
|
Бөліп шығарушы ұлпа
|
Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа біртіндеп қалыңдайды, сүтті шырын, эфир майы, шірне бөлінеді. Зат алмасуда бөлінген артық заттар мал жемеуден, ауру тудыратын микробар мен зиянды бунақденелілерден сақтайды. Сүтті шырыннан резеңке, каучук жасалады. Эфир майын сабын, дәрі, иіс суға қосады, хош иіс береді. Шірне бунақденелілерді еліктіріп, тозаңдануға көмектеседі, алкалоид, т.б. заттардан дәрі жасалады.
|
Өсімдік мүшелерінің әр жеріде шашыранды болып жатса да барлық мүшесінде: тамыр, тамырсабақ, жапырақ, сабақ, гүл, жеміс тұқымдарда кездеседі.
|
VI. Бекіту. (Таратпа материалдар)
VI. Сонымен үйге тапсырма § Ботаника- өсімдіктер туралы ғылым. Оқып, дәптерлеріңе конспект жазып келесіндер. Келесі сабақта тексеремін.
V. Үй тапсырмасын сұрау: ауызша баяндау және карточка арқылы сұралады.
VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VIII. Қорытынды сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |