Сабақ жоспары Сынып: Мектепалды дайындық. Күні: «26» ақпан Тақырыбы: «Жыл мезгілдері». Мақсаты: Оқушыларға
Дата 25.01.2017 өлшемі 48,11 Kb. #7812 түрі Сабақ
Ашық сабақ жоспары
Сынып: Мектепалды дайындық . Күні: « 26 » ақпан
Тақырыбы : «Жыл мезгілдері ».
Мақсаты :
Оқушыларға жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру, сөз қорын байыту, білімдерін қорытындылау ;
жыл мезгілдерін ажырату, шығармашылық қабілеттерін дамыту,бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: табиғатты сүйе білуге, бақылау дағдыларын қалыптастыру мен табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс , шығармашылық жұмыс.
К ө рнекілігі: Жыл мезгілдеріні ң суреттері, жыл мезгілдеріне сай киімдерді ң суреттері, г ү лдер, пазылдар, компьютер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру :
Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Тіл дамытуға арналған сұрақтар:
Балалар біз қай елде тұрамыз? ( Қазақстанда)
Қазақстанның туының түсі қандай?( көк)
Туда не бейленген? ( күн, ою, қыран құс)
Елтаңбада не бейнеленген? ( пырақ, уықтар)
ІІ. Негізгі бөлім: Жыл мезгілдері.
Мұғалімнің кіріспе сөзі : Балалар, біз бірнеше сабақ бойы жыл мезгілдері туралы өттік. Бүгін өткен сабақтарды еске түсіреміз, үйренген сөздерді қолданымыз. Бәріміз бірігіпберілген тапсырмаларды орындайық. Қане,балалар, компьютерге қарайық.
–Қай жыл мезгілін көріп отырсыңдар? ( Қыс )
-Дұрыс, балалар, бұл қыс мезгілі.
Осы қыс тақырыбына кім тақпақ біледі?
Жарайсың, балақай, рахмет!
Сергіту ойыны: Ал енді аздап ойын ойнайық.
Бұл да « Қыс » туралы ойын.
Тыңдап алыңдар, балалар: мен сендерге жасанды ақ қарды лақтырып, сұрақ қойымын. Ал кімге лақтырсам , сол оқушы жауап береді. Қысқа сәйкес суретті тауып, тақтаға қыс сөзінің қасына ілу керек.
Қыста не жауады?(қар)
Қыста ауа райы қандай ?( суық)
Қыста балалар қардан не жасайды? (аққала)
Қыста қандай мереке болады?( Жаңа жыл)
Қыс айларын кім атайды?( желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Дұрыс, балалар, рахмет.
Балалар, тағы да компьютерге қараңдар.
-Бұл қай жыл мезгілі?( көктем )
-Дұрыс, бұл көктем мезгілі.
Ендеше көктем туралы тақпақты кім біледі?
Балалар, көктем сұрақтарға жауапты сәйкес суретті тауып тақтаға көктем сөзінің қасына ілу керек. Балалар, сұрақтарды дұрыс тыңдаңдар:
-Көктемде күн қандай? (жылы)
-Көктемде қандай өзгеріс болады? (қар ериді)
-Көктем айларын кім атайды? (наурыз, сәуір, мамыр)
-Көктемде қандай мереке болады? (Наурыз Мейрамы)
-Көктемде қандай гүл бірінші шығады?(бәйшешек)
Жарайсыңдар, балалар, рахмет.
Сергіту сәті: Балалар, бізге орманнан қоян қонаққа келді . Ендеше қоянмен бірге сергіту өткізейік.
Балалар, көктемнен кейін қандай жыл мезгілі келеді?
Дұрыс , жаз болады. Жаз туралы тақпақты тыңдайық. Дұрыс, балақай, рахмет.
-Балалар , жазда күн қандай? (ыстық)
- Жазда балалар қайда түседі? (көлге)
- Ал қайда ойнайды? (құмда)
- Жазда не піседі? (көкөністер)
Осы сұрақтарға сәйкес суреттерді жаз сөзінің қасына тақтаға ілу керек. Жарайсыңдар, балалар, рахмет.
-Балалар, жаздан кейін қандай жыл мезгілі болады?
-Дұрыс, күз болады . Күз туралы тақпақты тыңдайық.
- Күзде ауа райы қандай ? (салқын)
-Күзде не жауады? (жаңбыр)
- Күзде қандай өзгеріс болады? ( күн суытады)
-Жапырақтардың түстері қандай болады? (сары)
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Мен сендерге жылдың төрт мезгіліне байланысты пазылдар беремін. Сендер оларды құрастырып, (1-2 минут) қандай жыл мезгілі екенін айтып беріңдер.
Шығармашылық жұмыс: Балалар, дәптерге өздерің ұнататын жыл мезгілінің суретін салыңдар.
Кластермен жұмыс: Балалар, тақтадағы сендер жасаған кластерге қарайық.Тақтаға ілінген суреттерге қарап шағын әңгіме құру.
Көмекші сұрақтар: топпен жұмыс
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Олар қандай?
ІY. Сабақтың соңы. Балалар, бәріңе рахмет. Жақсы жұмыс жасадыңдар. Сау болыңдар.
7 Достарыңызбен бөлісу: