Сабақ жоспары Тақырыбы : Қазақтың дастарқаны «Дастарқанның басында дұшпан да дос»



бет3/6
Дата18.03.2017
өлшемі2,68 Mb.
#11761
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Глоссарий (сөздікпен жұмыс) бойынша оқушыларды мәтінде кездесетін жаңа сөздермен таныстыру; олармен сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату. қонақжай – гостеприимный жомарт – щедрый ежелгі дәстүр – древняя традиция ілтипат- уважение Мәтінмен жұмыс: топтарға тапсырма беру: I топқа «Қазақтың дастарқаны» мәтіні; II топқа Суретпен жұмыс; III топқа «Қазақы дастақаным» әнінен үзінді; Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалармен танысып, бір-бірімен ақылдаса отырып, мәтінге ат қояды, постерлерін дайындайды. (Постер жасап жатқанда «Қазақы дастақаным» әні қосылып тұрады.) I топ «Қазақтың дастарқаны» мәтіні бойынша постер қорғайды. II топ суретпен әңгіме құрап, мәтінге ат қояды; III топ «Қазақы дастақаным» әнінің қайырмасын айтады; Топ мүшелері бірін-бірі толықтырады, сұрақтар қояды. Кері байланыс: Әр топ бір-бірінің сөйлеу мәнерін, ойын нақты, жүйелі жеткізуін және берілген тапсырманы қаншалықты меңгергендігі туралы өз пікірлерін сыни тұрғыдан айта отырып баға беріп, берген бағаларын дәлелдейді. Сергіту сәті: Оқушыларға сергіту мақсатында көңілді әуенмен дене қозғалысын жасату. Бекіту: Әр шағын топқа тапсырма ұсыну; І тапсырма: І топ: Сөйлем мүшесіне талдау: Қазақтың дастарқаны олардың кеңпейіл-дігін, жомарттығын, қонақжайлылығын көрсетеді. ІІ топ: Мәтіннен есімшелерді теріп жазып, жұрнақтарын белгілеу; ІІІ топ: Тәуелдеу: кең пейіл; Берілген тапсырмаларды әр топ мүшелері интерактивті тақтада орындайды, қалған оқушылар дәптерлеріне жазады. ІІ тапсырма: Тақырыпқа байланысты І -топ: тыйым сөздер; ІІ -топ: ілтипат сөздер; ІІІ -топ: нақыл сөздер айтуы.

Сабақты қорыту:

Жағдаяттық сұрақтарға жауап алу: І топ: Қалай ойлайсыңдар, дастарқанына қарап,үй иесінің қандай адам екенін байқауға бола ма? ІІ топ: «Қуыс үйден құр шықпа» дегенді қалай түсінесіңдер? ІІІ топ: Неліктен қазақ халқын «қонақжай халық» деп атайды? Маңғыстау халқы қонақжай ма?

Венн диаграммасы бойынша оқушылар ертедегі дастарқан мен қазіргі дастарқанның ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.



Венн диаграммасы

«Мен не білдім? Не үйрендім?» сұрағы бойынша балалардың ой-пікір, ұсыныстарын топтастыру.

Оқушылар өздері қорытынды жасап, әрбір адам кеңпейілді, жомарт, қонақжай, мейірімді, бауырмал, бір-бірімен тату, қайырымды, қанағатшыл, адал, ниеті түзу, кішіпейіл, әдепті болу керек деп, адамның жақсы қасиеттерін атайды Сабақтың «Дастарқанның басында дұшпан да дос» эпиграфына қайта оралып, оқушылардың айтқан пікірлерін толықтырып, мағынасын ашу. -Балалар, ас ішіп болған соң, дастақан жиналмас бұрын не істелінеді? -Ас қайырылып, дастарқан батасы беріледі. (Бір ер бала бата беру рәсімін жасайды)
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет