Сабақ жоспары Тақырыбы : Қазақтың дастарқаны «Дастарқанның басында дұшпан да дос»



бет1/6
Дата18.03.2017
өлшемі2,68 Mb.
#11761
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразова Салтанат Алипбаевнаның 8 сыныбына өткізген сабақ жоспары

Тақырыбы : Қазақтың дастарқаны

«Дастарқанның басында дұшпан да дос»

Мақсаты: Оқушылардың қазақтың дастарқаны туралы білімдерін кеңейте отырып, адамгершілікті, кеңпейілді, қонақжай ұрпақ тәрбиелеу; сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру және ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», АКТ, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», ОүБ, «Ой қозғау».

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, музыка, орыс тілі, бейнелеу өнері.

Оқыту нәтижесі: Мәтін мазмұнын ұғынып, адамгершілікті қасиеттерді бойларына сіңіреді.

Қосымша тапсырмалар: Бақылау және жағдаяттық сұрақтар, грамматикалық тапсырмалар.



Негізгі деректер: Оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, смайликтер.

Сабақ кезеңдері:

Ұйымдастыру кезені: Психологиялық дайындық. –Балалар, қазақта «Жақсы сөз-жарым ырыс» немесе «Көңіл-көңілден су ішеді» деген жақсы нақыл сөздер бар. Олай болса, осы отырған баршамызға әрбір келер күніміз жақсылығымен, шаттығымен келсін, әрдайым отбасы-мызда той, мереке, қуаныш болып, өміріміз шашулы болсын,- деп, мұғалім сырты түрлі түсті кәмпиттерді отырған парталарының үстіне шашады) Топқа бөлу: Оқушылар жинаған шашу- кәмпиттерінің түсіне қарай «Той», «Мереке», «Қуаныш» атауларымен үш шағын топқа бөлініп, орындарына жайғасады да сынып ережесін бір-бірлеп интерактивті тақтадан оқиды) Үй тапсырмасын пысықтау: Кейбір кәмпиттердің қағазында көрсетілген 1,2,3,4,5,6 сандары бойынша үй тапсырмасын пысықтау үшін сұрақтарға жауап береді (сұрақтар интерактивті тақтада)

Жаңа сабақ: «Ой қозғау» әдісі бойынша интерактивті тақтадан дәмге толы дастарқанның суреттерін көрсетіп, сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа тақырыпты ашу; Оқушылар сурет бойынша өз ой-пікірлерін айтып, сабақтың не жөнінде болатынын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет