Сабақ жоспары
Тақырыбы: Абай «Қыс». Міржақып Дулатов «Шілде»
Мақсаты:
Білімділік: Абай, Міржақып туралы білімдерін толықтыру. Жаздыгүнгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту
Дамытушылық: жалпы дүниетанымын, мәнерлеп оқуын, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту
Тәрбиелік: Жазғы табиған ерекшеліктерін сезіне біліп, табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ типі: дәстүрлі емес
Жұмыс түрі: түсіндіру, салыстыру, талдау, венн диаграммасы, топтастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта (Абай, Міржақып портреті, мәліметтер, сызба тапсырмалар)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру: Мақсаты: оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.Амандасу, сабаққа даярлығын тексеру, түгендеу мотивация беру.
- Орнымыздан тұрайық,
Бір – бірімізге қарайық.
Мейірімді, шуақпен.
Сәттілікті тілейік.
2.Жаңа сабаққа даярлық: Мақсаты: жаз мезгілінің ерекшелігі мен Абай, Міржақып туралы білетін түсініктерін еске түсіру.
Топтастыру «Жаз» - Біз қазір қай мезгілдеміз? Көктемнен кейін қай
мезгіл басталады? Ендеше мына сызбаға жаз
туралы жазайықшы.(оқушыларға беттер тарату)
Топтастыру:
«Абай», «Міржақып»
- Балалар, біз сендермен Абай мен Міржақып туралы көп таныстық. Қане, екі нұсқаға бөлініп топтастыру жасай қояйық. Бірінші нұсқалар Абай жайлы, ал екінші нұсқалар Міржақып туралы айтады.
3-4.Жаңа сабақ,жаңа сабақты меңгергенін тексеру. Мақсаты: Абай, Міржақып туралы білімдерін толықтыру. Жаздыгүнгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту.
-Суретпен жұмыс: Балалар, мына суретке зер салайықшы. Алақанымызбен сипап, сезінейікші. Жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың? Қандай жер бейнеленген? Бүгін балалар Абайдың «Жаз» өлеңімен танысамыз. Абай,ол - тек қана ақын емес, ол - сазгер, күйші, табиғат лиригі.Оның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ» атты әндері бар.(суретін көрсету)
- Балалар, Абайдың «Жаз» өлеңін тыңдайық. (үнтаспадан тыңдау)
-Өлеңді пысықтау,сөздік жұмысын жүргізу:
- Жаздыгүнгі табиғат сипатталған жерді тауып оқы.
- Жазғы жайлау туралы сипатталған жерді тауып оқы.
- Жан – жануарлардың жазғы тіршілігі сипатталған жерді
тауып оқы.
Сөздік: Көгорай шалғын –піскен шөп, толған- піскен, күркіреген өзен – тау өзені, көшкен ауыл – жайлауға көшу, шұрқыраған жылқы – көп жылқы, жоны қылтылдап, бүйірі шығып, ыңқылдап – семірген,бұлтылдап – ойнақшып, сымпылдап - қанатын қағып.
Сергіту сәті: Домбырам күмбірлеп, күй шерте аламын.
Инемен кестені тіге де аламын,
Қолдарым майысып биді де билеймін,
Кілемге ұқсатып сурет те саламын.
Оқулықпен жұмыс: Іштей оқу, мәнерлеп оқу, тізбектей оқу.
«Шілде» сөзіне түсінік: балалардан сұрау, түсіндіру. Жаз мезгілінің екінші айы, ең ыстық ай. Шілде келгенде қырық күндік ыстық ай деп атаған.
«Шілде» мәтінін балаларға мәнерлеп оқыту. Тақырып бойынша пысықтау сұрақтары:
-Шілдеде табиғатта қандай өзгеріс болады?
-Шілдедегі жұмыс түрлерін ата.
-Мәтінді бөліктерге бөліп оқы: 1.Басы 2.Ортасы 3.Соңы .Әр бөлікке ат қой.
5. Сабақты қорытындылау. Мақсаты: Жаз мезгілі туралы меңгерген білімдерін тексеру.
1нұсқа: Жаз тақырыбына 5сөйлемнен құралған ойтолғау жаз.
2нұсқа: Шілде топтастыруын құр
6.Үйге тапсырма: Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталап , білімдерін толықтырумен жұмыс жүргізу және өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту . «Жаз» өлеңін жаттау, «Шілде» әңгімесін мәнерлеп оқу.Міржақып Дулатов туралы мәлімет жазып әкелу.
Достарыңызбен бөлісу: |