Сабақ жоспары. Тақырыбы: Атыс негіздері. Білімділік мақсаты: Атыс негіздерімен таныстыру



Дата15.01.2022
өлшемі46,5 Kb.
#129351
түріСабақ
Байланысты:
ату ережелері


10 – сыныпқа АӘД арналған

Сабақ жоспары.

Тақырыбы: Атыс негіздері.


Білімділік мақсаты: Атыс негіздерімен таныстыру

Дамытушылық мақсаты. Жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты. Елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа

тәрбиелеу


Оқыту әдістері. Әңгімелеу, сұхбат, көрсету.
Көрнекіліктер. Плакаттар, сызбалар, электронды оқулық.
Кіріспе бөлімі. 7 мин.

сапқа тұру

взвод командирінің пәрмен беруі

сәлемдесуі

сырт көрнісін тексеру

өткен тақырыпты сұрау

Негізгі бөлімі; 35 мин

Ату деп – дәрілі зарядтың жануы кезінде пайда болған газ қысымымен ұңғы арнасынан оқтардың (снарядтардың, гранаталардың) ұшырылуын айтамыз. Ату өте аз уақыт ішінде жүзеге асады (0,001 – 0,06сек). Оқтыққа салынған ұрыстық патронның капсюліне соққыштын соғуының әсерінен капсюльдің соққылық құрамы жарылып жалын пайда болады, ол оқ-дәрі зарядына өтіп оны жандырады. Оқ-дәрі заряды жанған кезде көп мөлшерде қызған газ қысымы пайда болып, газдардын қысымымен оқ орнынан қозғалып, ойықтарда бұралып ұңғы каналымен үдемелі жылдамдықпен ілгері жылжып, ұңғы каналы осінің бағытымен оқ сыртқа шығарылады. Оқ соңынан ұңғы арнасынан қызған газ шығады, ауаға кезіккенде ату кезіндегі дыбыс болып табылатын жалын және күшті толқын пайда болады.

Бастапқы кезен дәрілі зарядтың жаңа бастауынан оқ қабының ұңғы кертігіне толық енуіне дейін созылады. Бірінші кезеннің басында, оқтын 4 – 6 см жолдан өткен кезінде оның артындағы кеңістік көлеміне қарағанда, газ қысымы тез ұлғайып оқ қозғалысы үлкен жылдамдыққа ие болады. Екінші кезең дәрілі зарядтың толық жануы сәтінен ұңғы арнасынан шығу сәтіне дейін созылады. Үшінші кезен немесе газ әсерінен кейінгі кезең – ұңғы арнасынан оқтын шығу сәтінен оқ жылдамдығы тоқтау сәтіне дейін созылады.

Оқтын бастапқы жылдамдығының шамасы ұңғынын ұзындығына, оқ-дәрі зарядының салмағы мен басқада факторларына байланысты. Оқтын ұшу жылдамдығы м/сек. өлшенеді. Ұңғы ұзын болған сайын (белгіленген шамада) дәрілі газ оққа ұзағырақ әсер етеді және оның бастапқы жылдамдығы да тезірек болады. Ұңғы арнасында газ қысымы барлық жаққа бірдей әсер ететін болғандықтан, ату кезінде ол оқты алға жылжытып қана қоймай, қаруды артқа жібереді. Ату кезінде қарудың артқа қозғалуы – серпуі (кері серпуі) деп аталады. Атыс қаруының серпуі иыққа, қолға немесе жерге ұрғанда сезіледі. Серпу күші, әдетте 2 кг. артпайды да, ол атушыға ауыртпалықсыз әсер етеді.

Бұрандалы кертігі бар ұңғы арнасынан атқан кезде дәрілі газдар оққа тек қана ұшу қозғалысын емес, айналдыру қозғалысын да береді. Мұнда оған екі күш әсер етеді; ауырлық күші және ауаның қарсылық күші. Ауырлық күші оқты лақтыру сызығынан бірте-бірте көбірек ауытқыта береді. Ауанын қарсылық күші оқ қозғалысын бәсендете береді, бағытынан оны тайдыруға тырысып, оқты айналу жағына қарай ауытқытады. Осы екі күштің әсерінен оқ ауада ұңғы арнасынан лақтырған кездегі тік бағыт бойынша емес лақтыру сызығынан төмен орналасқан қисық сызық бойымен ұшады.

Ауада ұшу кезіндегі оқ ауырлығының орталығын сипаттайтын қисық сызық – траектория деп аталады. Ұшу кезінде оқтың лақтыру сызығы арқылы өтіп, оның айналуы жағына қарай ауытқуы – деривация деп аталады.

Көздеу – дегеніміз автомат ұңғысы каналының осін кеңістікте атуға қажетті жағдайға келтіру. Ол мына элементтерді қамтиды; тегіс қарауылды алу және оны көздеу нүктесімен түйістіру. Тегіс қарауыл алу дегеніміз қарауылды көздеу тақтасының ойығымен дұрыс үйлестіру. Онының төбесі көздеуіш тақтаның ойығының ортасында оның шеткі қырларымен бір деңгейде көрініп тұруы керек.

Төменгі суретте көздеу кезіндегі ерекшеліктер көрсетілген. Тегіс қарауыл – оқтар нысанаға дәл тиеді. Ұсақ қарауыл – оқтар нысанадын төмен кетеді. Ірі қарауыл – оқтар нысанадан жоғары кетеді. Қарауыл оң жақта – оқтар нысанадан оң жаққа кетеді. Қарауыл сол жақта – оқтар нысанадан сол жаққа кетеді.

.

Көздеу кезіндегі ерекше қателіктер.

Бекіту сұрақтар

1. Атыстын қандай кезеңдері бар, олардын сипаттамалары қандай?



2. Оқ ауаға ұшқанда қандай күштер әсер етеді?

3. Траектория дегеніміз не?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет