«Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ
КГУ «Областная специальная (коррекционная) школа-интернат для детей с нарушениями слуха»
Қазақ тілі пәнінен 7«В» сыныбына арналған сабақ жоспары.
Тақырыбы: «Досымның отбасы »
Екінші санатты қазақ тілі мұғалімі:
Уразамбетова А. С
Петропавл қ. 2015ж.
г. Петропавловск 2015 г.
7 в-сынып
Сабақтың тақырыбы: Досымның отбасы.
Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын байыту.
Білімділік: Оқушылардың сөздің тура және ауыспалы мағынасында алған білімдерін қорыту, жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Адал достыққа, шыдамды болуға, ел намысын қорғай бәлуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау:
1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
1. 16-бет, 1-тапсырма. Мәтінді мазмұндау.
2. Мәтінге сұрақтар қою..
3. Өткен тақырыптағы сөздіктерге мысалдар келтіру.
4. Бағасы аз оқушылардан сөздікті жатқа сұрау.
5. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қорыту.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
1) -Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта « Досымның отбасы » деген тақырыпты өтеміз.
2) Жаңа тақырып туралы кіріспе сөз. 3) Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу. Есте сақтауларын қадағалау.
араласу - общаться
сабырлы - спокойный
ұқыпты - аккуратный
шыдамды – терпеливый
ақкөңіл - искренний
сенімді – верный
әдепті – воспитанный
момын – кроткий
алау – костер
Сөздіктерді мұғалім оқиды.
Мұғалімнің артынан қайталап оқу.
Оқушылардың өздері оқиды.
Сөздіктерге сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.
Сенімді дос, момын оқушы, ұқыпты бала..
2-тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер..
3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңдар.
IV. Жаңа сабақты бекіту: Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:
1. Сенің досың қай жерде тұрады?
2. Досыңның отбасы қандай?
3. Досың қанша жаста?
4. Досыңның отбасы қайда тұрады?
- Оқушылар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыптың атын дәптерлеріне жазыңдар.
1-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар. Олармен сөйлем құраңдар, дәптерлеріне жазып алыңдар.
Бағасы аз оқушылар тақтамен жұмыс жасайды.
V. Сабақты қорыту:
Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.
VI. Үй тапсырмасын беру: 18-бет, 4-тапсырма. Суретке қарап, досыңның отбасы туралы әңгәмелеңдер. Дәптерлеріне жазып келіңдер. Ережелерді қайталау. VII. Бағалау: Әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.
Достарыңызбен бөлісу: |