Сабақ жоспары Тақырыбы: Мектеп үйірмелері. Сын есім Мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі33,78 Kb.
#30753
түріСабақ
6 «В» сыныбына арналған қазақ тілі пәнінен

сабақ жоспары
Тақырыбы: Мектеп үйірмелері. Сын есім

Мақсаты:

1.Білімділік: Сын есім еске түсіріп, тарау бойынша алған білімдерін бекіту. Оқушылардың сауатты жазу, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Кезешімен сұхбат.

Тіл дамыту жұмыстары:



  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Бүгін нешесі?

  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  • Күз айларын ата.

  • Қыс айларын ата.

  • Көктем айларын ата.

  • Жаз айларын ата.

  • Дыбыстардың неше түрлерң бар

  • Дауысты дыбыстардың жіктелуі

  • Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

  • Буындардың түрлері.

  • Жалғаудың түрлері

  • Қазақ тілінде неше септік бар?

  • Оларды ата

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Досыңа хат» шығармашылық жұмыс

ІІІ. Жаңа сабақ.

Грамматикалық тақырып: Сын есім

Оқушыларды ережесіен таныстыру.




Сын есім



Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлеін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? Қай? Мысалы: әдеі, таза, үлкен.




Мағына қарай түрлері:

сапалық

қатыстық

Заттың сын-сипатын білдіреді.

Мысалы: әдемі, үлкен.



Басқа сөз таптарынан жасалған туындыц сын есім.Мысалы: өнер-лі

Тау-лы



Оқушылар шеңбер құрастырып, бір-бірен аттарының І әрпіне басталын сын есімді айтады.


Күшейткіш үстеу қиылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді: Сұрақтары. Қалай? Қандай?

Мысалы: ең, тым, аса, өте, нағыз, кілең.

Өте ұнайды, өте тез.


Лексикалық тақырып: Мектептегі үйірмелер.

Балалар, мектепте қандай үйірмелер бар?

Өздерің қандай үйірмелерге қатысады?

Мектептің үйірмелері танысу үшін 178 беттегі 1-тапсырманы оқып,аударымыз. Менің сұрақтарыма жауап береді.

Топтар бір-бірен сұрақ қояды.
ІҮ. Сергіту сәті.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. «Жасырын гүл» ойыны. Гүлдің әр бөлігінде 1 сын есім жазылып тұрады, сол сын есіммен сөйлем құрастырамыз.
2-тапсырма. Қатыстық және сапалық сын есімдерді 2 бағанға бөліп жазу.

Сары, тәтті, арыстандай, кең, айлық, достық, ақ, жақсы, балалы, жеңіл, көлді, ақылды, өткір, гүлді, таудай, жаман, семіз.


3-тапсырма. Берілген сөйлемдерде сын есімді тауып, астын сызу.

«Хобби» - ұнаған іспен айналысу.

Бақытты өмір сүру үшін, сүйікті ісіңмен айналыс.
Маған қазақ қолөнері ұнайды.

Мен әдемі және қызықты ою-өрнек жасаймын.


Үйірмеде әртүрлі матадан қуыршақтарға киім тігеміз.

Домбырамен көңілді күй орындадым.



4-тапсырма. Тиісті күшейткіш үстеуді жазу.
5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

Әр топ бір үйірменің суретін салып, сол бойынша сөйлем құрастырады.
ҮІ. Рефлексия. «Жетістік баспалдағы»

ҮІІ.Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ.Үйге тапсырма. 179 бет 3-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемдерді құрастыру.

ІХ. Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет