Глоссарий (сөздікпен жұмыс) бойынша оқушыларды мәтінде кездесетін жаңа сөздермен таныстыру; олармен сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату.
қасиетті іс - доброе дело тіршілік - жизнь тыйым салу - запрещать бұлақ - родник
Мәтінмен жұмыс: топтарға тапсырма беру: I топқа «Табиғатты қорғау - қасиетті іс» мәтіні, II топқа М.Мақатаевтың «Тоғай» өлеңі, III топқа «Аққуларды атпаңдар» мәтінін оқуға беру; Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалармен танысып,бір-бірімен ақылдаса отырып постерлерін дайындайды. (Постер жасап жатқанда Ұ.Жолдасовтың «Табиғатым-махаббатым» әні қосылып тұрады.) Әр шағын топ өздеріне берілген мәтін бойынша постерлерін қорғайды. Топ мүшелері бірін-бірі толықтырады, сұрақтар қояды. Кері байланыс: Оқушылар постер қорғалған соң бір-бірінің сөйлеу мәдениетін, ойын нақты, жүйелі жеткізуін және суреттің эстетикалық талғамға сай немесе сай емес екені туралы өз пікір, ұсыныстарын сыни тұрғыдан айтып, стикерлерге жазып, постерлерге жабыстырады, баға беріп, берген бағаларын дәлелдейді. (І топтың постеріне ІІ топ, ІІ топтікіне - ІІІ топ, ІІІ топтікіне - І топ стикерлерін жабыстырады) Сергіту сәті: Оқушыларға сергіту мақсатында көңілді әуенмен дене қозғалысын жасату.
Бекіту: І. Әр шағын топқа тапсырма ұсыну; І- топ: Сөйлем мүшесіне талдау: Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамның өзіне айналып келетінін білген.
ІІ- топ: Сөз құрамына талдау: Бұлақтардың, ашуға, қасиетті, көкті, гүлдерді, адамның. ІІІ -топ: Тәуелдеу: табиғат, Отан.
Берілген тапсырмаларды әр топ мүшелері интерактивті тақтада орындайды, қалған оқушылар дәптерлеріне жазады. ІІ. Тапсырма: Табиғатқа байланысты І -топ: тыйым сөздер; ІІ -топ: ән немесе өлең; ІІІ -топ: мақал-мәтелдер айтуы.
Сабақты қорыту: Жағдаяттық сұрақтарға жауап алу:
Достарыңызбен бөлісу: |