МКҚК «Балалар шығармашылық үйі» Үйірме атауы: Баланы дамыту мектебі. Сауат ашу
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Тт» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, Тт дыбысымен таныстыру. Тт дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге, Тт әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға, мейірімділікке адалдыққа, еңбексүйгіштікке табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға баулу.