Күні:
|
Пәні :сауат ашу
|
Сынып: 0 «А»
|
Тақырыбы:
|
Лл дыбысы мен әрпі
|
|
Мақсаты
|
Оқушыларға Л дыбысы мен әрпін таныту және жазылуын меңгерту. Дыбыстық, буындық талдау жасай білуге үйрету.
|
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушыларды оқуға жаттықтыру, сауатты және әдемі жазуға машықтандыру, өз бетінше жұмыс орындауға баулу, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыта отырып, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіру.
|
|
көрнекілігі
|
суреттер,слайд
|
|
Сабақ барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1.Кіріспе
«Көңілді күн» жаттығуы
(интерактивті тақтамен жұмыс)
|
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
|
Шаттық шеңберін құрады, жаттығуларды орындайды.
|
Тұсау кесер
Топқа бөліну.
|
Кәмпит қағазының түстерін пайдалана отырып 2 топқа бөлінеді
|
Қызыл, сары кәмпит қағазына қарап топтарға бөлінеді.
|
Ой қозғау
|
Өтілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын: «Сөз ойла – тез ойла!»
А – ата, апа, алма, алмұрт...
Т – тауық, тарақ,
Н – нан, ана,
П – парта, апа, піл...
Р – радио , ара, зымыран...
Ғ – ғарыш, ғарышкер, таға
|
Слайд бойынша ж ұмыс жасайды
|
Топпен жұмыс
ІІІ. Мағынаны тану.
|
«2 топ пазл жинау арқылы лақ пен лимон бейнесін құрастырады)
Жұмбақ жасыру.
Түсі сары сүйкімді,
Дәмі қышқыл бір түрлі.
Ащы дей де алмайсың,
Шекерсіз жей алмайсың? Ол не?
«Мә-мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?
- Лимон,лақ сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (Л)
-Олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз.
-Қане, бәріміз бірге айтайықшы
-Л дыбысы қандай дыбыс,дауысты ма,әлде дауыссыз ба?
|
1-топ: лақ бейнесін
2-топ: лимонды құрастыру
(Лимон)
Лақ
Лл
-Дауыссыз дыбыс
|
Бейнефильм көру
|
«Әріптер мен дыбыстар әлемі» Лл дыбысымен танысу
|
Интерактивті тақтамен жұмыс,қайталап отыру
|
Тіл ұстарту жаттығулары:
|
1.Ла, ла,ла-бұл әдепті бала,
Лу, лу, лу-біздің Нұрай сұлу.
2.Ра-ра келді ара
Ла-ла араның усті ала
|
жаттау
|
Дәптермен жұмыс
|
Л, л әрпінің баспа және жазбаша түрлерімен таныстыру.
Л дыбысын ауада жазу
Жазып өшіретін тақтаға жазу
Л дыбысын көркем жазу
|
|
Сергіту сәті
|
Ұзын мұртты құмырсқа
Бара жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты орнына
Оңға қарай қарады,
Солға қарай қарады
Үлкен тау деп ойлады
|
Қимыл-қозғалыспен көрсетеді
|
«Ойлан тап!» ойыны
|
Мына суреттерге қарап,оларды атап,буынға бөлу
- Ли-мон, гүл, түл-кі, ле-ген, а-лау.
|
Шапалақ соғу арқылы буынға бөледі.
|
Рефлексия
Позитивті доп»
|
Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?
Әріп туралы не білдіңдер?
Бүгінгі сабақта не туралы оқыдық?
Бүгінгі сабақтан нені үйрендік?
Сабақтан сендерге не ұнады, немесе ұнаған жоқ?
Келесі сабаққа ұсыныстарың бар ма?
|
Сабаққа жақсы қатысқан балаларға смайликтер беру,мадақтау
|