Мұғалімнің аты-жөні
|
Тугельбаева Анар Досмухаметовна
|
«Жасұлан» Республикалық мектебі
|
Мерзімі:
|
7.12.2016ж
|
10 «Г» - сынып
|
27-сабақ
|
Сабақ атауы
|
Органикалық заттарды түзу және қабылдау тәсілдері. Автотрофтар және гетеротрофтар
|
Сілтеме
|
Жалпы биология 10-сынып. Т.Қасымбаева. К.Мұхамбетжанов. Ресурстар презентация, кестелер, үлестірмелер, плакаттар, тақырыптық суреттер, МАН
|
Мақсаты
|
Танымдық: Оқушылардың энергетикалық алмасу туралы білімдерін толықтыра отырып, органикалық заттарды түзу және қабылдау тәсілдері ретінде автотрофтар мен гетеротрофтар ерекшеліктерін белгілері бойынша ажырата білу.
|
Эмоциялық: Өзінің оқушылық міндетіне сай саналылықты білімділікпен қарауға, ұжымдасып еңбек етуге үйрету және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
|
Әлеуметтік: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар сабаққа белсене қатысу арқылы сыни ойлауға үйренеді, фотосинтез – қоректену процесі екендігін біледі, органикалық заттарды пайдалануына байланысты организмдер екі топқа бөлінетінін ұғынады, автотрофтар мен гетеротрофтар органикалық заттарды түзу және қабылдау тәсілдері екендігін түсінеді
|
Негізгі идеялар
|
Органикалық заттарды түзу және қабылдау тәсілдері туралы айта отырып, салыстыруға,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, өздіген білім алуға, сұрақ – жауап қоя білуге дағдыландыру.
|
Тапсырмалар
|
Жұптық, жеке, ұжымдық
|
Кейінгі тапсырмалар
|
§ 26 оқу,149-бетте 3-4 кестені толтыру, сұрақтарға жауап беру
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Көрнекілігі
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
«Сергіту сәті»
3 мин
|
а) сәлемдесу
б) оқушылар назарын сабаққа аудару
«Сиям егіздері» жаттығуын жасатады
|
Білезік
|
Жаттығуды жасау
|
Жаңа ұғымдар мен әрекет әдістерін қалыптастыру
«Миға шабуыл»
«Білу»
5 минут
|
1. «Қара жәшік» стратегиясы
1-қадам: Қара жәшік дайындалады.
2-қадам: қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады
3-қадам:
Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілерін біртіндеп оқиды
4-қадам: жасырын зат табылады
|
Қара жәшік
|
Болжау, ойын еркін жеткізу, мағынаны әр қырынан тану
|
«Түсіну»
15 минут
|
«Адасқан әріптер» ойыны
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп ұғымдарды тап, анықтама бер:
Анаболизм, катаболизм, фотосинтез, гликолиз, энергия,фермент,метаболизм,энтропия, тотығу,митохондрия,автотрофты,гетеротрофты, хлорофилл,хемосинтез, хлоропласт, глюкоза
|
10- сынып оқулығы, бағалау парағы,
интерактивті тақтадан
слайдтар
|
Оқулықпен жұмыс.
Жұпта талқылау.
|
«Қолдану және талдау»
15минут
|
«Жалған ба?» «Шындық па?» стратегиясы
|
Үлестірмелер
|
Бүгінгі сабақта білгенін пайдалана отырып, тапсырманы орындайды
|
«Жинақтау»
5 минут
|
«ББҮ» кестесі
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
Кесте, стикер
|
Кесте толтыру
|
Рефлексия
1 мин
|
«Блоб» ағашы
|
Стикерлер
|
Кері байланыс
|