Сабақ жоспары Тақырып: «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»


Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары



бет2/2
Дата17.02.2017
өлшемі267,08 Kb.
#9678
түріСабақ
1   2

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Тақырып: «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»

Күні:

№ 2


Сынып: 1

Оқушылар саны:

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік. Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Оқушыларды шынайы қарым – қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік. Оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа баулу.

Сабақтың барысы:

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

  • Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

  • Көңіл күйіміз қалай?

(құралдар, мәлiметтер) классикалық ән жазылған таспа.

Әннің сөзі мен әні жазылған таспа. Дәйексөз. Суреттер.



Тыныштық сәті:

Тыныс алу

Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады.



Сұрақ:

1) Өзіңді қалай сезіндің?

2) Қандай жағымды әсерде болдың?

Мұғалім қорытынды жасайды: Әр күнде бір – бірімізге жақсылық тілейік. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!


Оқушының ойын жинақтау, серігу.

Дәйексөз

  • Балалар, мен сіздерге қазір бүгінгі сабақтың дәйексөзін айтамын сіздерменімен бірге қайталап айтасыздар.

«Ақиқат жолымен жүрген адам адал өмір сүреді»

Халық даналығы

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу

Бәріміз қосылып айту.

Сұрақ:

1) Адал деген не?

2) Адамдар неліктен адал өмір сүру керек деп ойлайсыздар?


Дана сөздер

Әңгімелесу (Мұғалімнің сыйы)

Түлкі мен ешкі

Ертегі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.


   Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.
 - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
 - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
   Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
   «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс



Әңгімелесейік

Сұрақ:


  1. Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма?

  2. Неліктен?

  3. Әрдайым шындықты айтқан дұрыс па? Неліктен?

  4. Өз өмірлеріңде шындықпен жол тапқан мысалдар келіріңіздерші?



Оқушының сөздік қорын дамыту.

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Шығармашылық жұмыс

  1. Балалар ертегі кейіпкерлерінің суретін дәптерге салады.

  2. «Түлкі мен ешкі» ертегісінен не үйренгендерін, яғни қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйренгендерін айтып береді.




Оқулық, дәптермен жұмыс.

Топпен ән айту

«Біз осылай өсеміз»

Сөзін жазған М.Әлімбаев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз.

Қанаттанып өсеміз.
Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.



Қайырмасы.

Сұрақ: 1) Өлең не туралы?

2) Біз осылай өсеміз дегенді қалай түсінесіңдер?



Мұғалім қорытынды жасайды. Еңбектеніп, талаптанып өскен ұрпақ еш уақытта жаман әрекеттерге бармайды.




Қорытынды:

Сұрақ: балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.



Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім




Күлегештер, кері байланыс

Соңғы тыныштық сәтi.

- Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Өзгелерді ренжітпей, жануарларға қамқорлық көрсетіп, киянат жасамауға үйренейік

Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»



Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Ертеңгі күндеріңе сәттілік тілеймін.


Сабақты ой елегінен өткізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет