Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Теміртау қаласы, «№9мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Асанова Бактыгуль Ергалиевна
Сыныбы: 3 «Б»
Өткізілетін күні: 17.04.2015ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Абылай хан (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлынан)
Мақсаты: Оқушыларды Абылай ханның өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Міндеттері: - мәтінді түсініп оқи отырып, талдауға үйрену;
шығарманы мәнерлеп оқи отырып,Абылай хан өмір, тіршілігімен танысу;
сыни тұрғадан ойлану арқылы,Абылайханның өмірі туралы түсінікті кеңейту;
бірлескен шығармашылық іс-әрекетке ұмтылу;
тақырып бойынша алған білімді жинақтап, бір-бірін бағалауға дағдылану.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғадан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту.Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Қызығушылықты ояту», «Бір қадам артқа», «Ой қозғау», «Сұрақ жауыны», «ЖКСО-2», «Видеоролик». «Диалогтік әңгіме»
Уақыты
Кезеңдер
|
Мазмұны
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Білу
Қызығушылығын ояту
2мин
1 минут
Мағынаны тану
2 мин
|
Тұлға аралық байланысты орнату.
Шаттық шеңбері. «Менің Отаным».
Сенің Отаның Қазақстан
Сенің ұлтың қазақ
Олай болса мен өз Отанымды сүйемін!әрі қастерлеймін.
Психологиялық дайындық.
Әр халықтың сәлемдесу түрімен амандасады.
«Шапалақ» жаттығуы орындалады
1.Топқа бөліну.
Түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы қызыл, сары, көк, жасыл, күлгін.
Топ ережесін еске түсіру.
Топ ұстанымы еске түсіріледі.
Қызығушылықты ояту.
Балалар кеудедегі жұлдыз нені еске түсіреді қалай ойлайсыңдар?
( оқушы пікірі) тыңдалады.
(Бейбіт өмірімізге70жыл)
Ұлы жеңіске 70жыл
«Бинеролик»көшпенділер№1к фильмінен үзінді: Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр
алқап көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бері ірге тепкен ата қонысы,ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші,ақ найзаның ұшымен қорғап келеді.
Осы кезде жанында батыр жігіттері мен Абылай хан келеді.(Экранға кинобейнені декорация ретінде дыбыссыз өтіп тұрады.)
Абылай хан сөзі: Ертіс пен Еділдің,Арқа мен Алатаудың арасы қазақтың алтын бесік ата мекені.
Әгерәки,кімде кім осынау қасиетті жерімізге көз алартып шырқымызды бұзар болса,........деп таяғын жерді ұрады Сол кезде батырлар қылыштарын қынынан сурады.
Дос болғанға құшақ ашық туыспыз,
Қас қылғанды қиып түсер қылышпыз.
Қазақтың ханы Абылай (Шығып кетеді)
Не көрдік?Не түсіндік? Не білдік?
|
Шаттық шеңберін құруды қадағалайды, жаттығуларды басқады.
Түрлі түсті жұлдызшалар береді.
Еске түсіреді.
Бақылау, сұрақтарды түзету, қайта қою, жауап алғаннан кейінгі кідірісті қадағалау.
|
Шеңберге тұрып, жаттығулар жасауға араласады.
Топқа бөлінеді.
Естеріне түсіріп, қайталайды.
Бір-бірлеріне сұрақтар қояды, жауаптарын дәлелдейді.
Естеріне түсіріп, мұқият тыңдап,ой түйіндейді..
Бір-бірлеріне сұрақтар қояды, жауаптарын дәлелдейді.
|
Жапондық бағалау.
Смайликпен бағалау
|
Музыка
Түрлі-түсті жұлдызшалар
Топ ұстанымы
жұлдызша смайликтер
|
Оқулықпен жұмыс
10 мин
Топтық жұмыс
5 минут
10 минут
Сергіту сәті
1минут
|
Тақырыпты ашып аламыз
Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз
Абылай хан.Тура осы кезде видеоролик арқылы өмірімен таныстыру.(1мин)
3.Оқулықпен жұмыс.
«ДЖИГСО-2» стратегиясы топтар орындарында отырып ызыңдап оқу, мәтінді өз беттерімен оқиды, бір топ жанұя тобы болады, ол топтың мүшелері мәтінді 4 бөлікке бөліп оқып, әркім өз бөлігін таныстыруға дайындалады. Сөйтіп барлық топтар және жанұя тобы төртке бөлініп, отырады да жанұя тобының мүшесі өзіне берілген мәтіннің бөлігін түсіндіреді. Топ мүшелері қайтадан орындарына келіп, өздерінің естігенін ортаға салып, топта талқылайды.Топтар постерде қорғайды.
Зерттеушілерге кезек
Бұқаралық ақпарат көздерінен іздестірген (оқулықта айтылмаған) материалдармен таныстырады, пікірталас жүргізе отырып, оқушы – оқушы -оқытушы арасындағы диалогтік әңгімені өрбіту жұмысын жүргізеді.Суреттер алып келіп таныстырып,түсіндіреді.Абылай хан туралы толық мәлімет аламыз.
Өлеңін оқиды.
4.Сергіту сәті Абылай хан күйі(би)
Осы тақырыбымызға байланысты анаграмма шешейік.
НХА Хан
ЛТАСНҰ Сұлтан
ҮКРНҮІАСТ Түркістан
ИУЛӘ Уәли
АҚЫКЕЗБ Қазыбек
ҚАСЛБАА Сабалақ
ЙБЫАЛА Абылай
АНБӘСРҰМІЛ Әбілмансұр
|
Сұрақтар қою, презентация көрсету.
Топтарға тапсырма беріп, жанұя тобына мәтінді бөліп береді, стратегияның жүру барысын бақылайды
саясаткер мәмлегер
Абылай хан ххххан ылай
қайраткер күйші қолбасшы
Презентация Абылай ханды зерттеу мәліметтерімен таныстыру.
Сұрақтар қою.
Оқушылар шеберлікпен өнерге бағыттап, бағалайды.
Жаттығу орындатады.
|
Сыни тұрғыдан ойлана отырып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Мәтінді оқып,жұпта,топта талдау мен талқылауға қатысады
Презентациға назар аударып, сұрақтарға жауап береді, ой бөліседі.
Топпен бірлесе отырып, бір оқушы орындайды. Топтар бірін-бірі бағалайды.
Жаттығуларды орындайды.
|
Жапондық бағалау
Лайк басу, қол соғу
Смайликтармен бағалау. Жапондық бағалау.
Смайликтармен бағалау. Жапондық бағалау.
Жапондық бағалау.
|
Ой толғаныс
10 минут
2минут
2 минут
|
Сабақты бекіту.
Тапсырмалар топтарға
«Ойлан,ізде,тап» стратегиясы
I топ топтастыру(конвертте суреттер,сөздер бар, кітапша жасайды.)
IIтоп Абылай хан (бас киімін жасайды)
III топ Абылай хан (шапанын,таяғын)
IV топ Көрініс (ел ішіндегі проблема)
Vтоп Біздің президент.
(5минуттық эссе жазу)
3.Бағалау.
Топтар өздерін бағалайды;
Басқа топтардың жұмысын бағалайды;
Өз-өздерін бағалайды.
4.Үйге тапсырма.
«Абылайхан» әңгімесін оқып, мазмұнын айтуға дайындалу 237-238 бет
Абылай хан ребусын құру.
|
Оқушыларды рефлексия жасауға бағыттайды.
Стикерлер беріп, кері байланыс жасатады.
Оқушылардың бағалауын тыңдап, ой пікірлерімен бөлісуге бағыттайды.
Үй тапсырмасына байланысты нұсқаулық береді.
|
Рефлексия жасайды, сұрақтар қояды.
Кері байланыс жасайды.
Бірін-бірі тыңдап, ойларын толықтырады..
Үй тапсырмасын күнделікке жазып, нұсқаулығын тыңдайды, сұрақтар қояды.
|
Жапондық бағалау
Жапондық бағалау
Смайликтермен бағалау. Жапондық бағалау.
|
Стикерлер, кері байланыс тақтасы, смайликтер
Интербелсенді тақта.
|
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №9 мектеп -лицейі»КММ
Сабақ әдебиеттік оқу пәні
Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»
Қысқа мерзімді жоспар
3 «Б»сынып
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Асанова Бактыгуль Ергалиевна
Теміртау-2015
Достарыңызбен бөлісу: |