«Өнер-ағып жатқан бұлақ, Білім-жанып тұрған шырық!» 1)Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкі,
Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)
2)Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой? (Барлығы 15)
3)Екі адам бес метрлік бөренені ұзындықтары тең бес бөлікке кесті.Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?(6 минут)
Алтын сандық сұрағы: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады.» 1)Бірден жүзге дейінгі натуал сандардың көбейтіндісі неше нольмен аяқталады? (24 ноль)
2)Клубта 35 қатар бар.Әрбір қатарда 40 орын бар.730-шы орын қай қатарда?
(19 қатарда)
3)Бір қалада 100 турист келді.Олардың 10-ны неміс тілін де, француз тілін де білмейді.75 адам неміс тілін біледі, 83 адам француз тілін біледі.Неше турист осы екі тілдің екеуін де біледі. (68)
ІІ кезең «Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып
Бір-бірімен жатқан тулап, арбасып.
О,толқындар, арбалысып алға шық,»- деп Т.Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.Сайысатын әрине, жас толқын-сіздерсіздер.
Көрермендерге сұрақ:
1)Үш сағатта неше секунд бар? (180 с)
2)Барлық араб цифрларының көбейтіндісі қаншаға тең? (0)
3)Қарама-қарсы сандар дегеніміз қандай сандар?
(Тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар)