Колонтитулдар Колонтитулдар – бұл әдетте құжаттың әрбір бетінде қайталайтын ақпарат, мысалы, беттің нөмірі, дата мен уақыт, автор туралы ақпарат. Әрбір бетте жоғарғы немесе төменгі колонтитулды бірдей етіп дайындау:
Бетте колонтитулдың жоғарғы немесе төменгі аймағын ашу үшін Түр (Вид) менюіндегі Колонтитул командасын таңдаңдар (6.16 сурет).
Жоғарғы колонтитулды дайындау үшін жоғарғы колонтитул аймағына мәтіндік немесе графикалық элемент енгізіңдер.
Төменгі колонтитулды дайындау үшін Колонтитулдар аспаптар тақтасында (6.15 сурет) төменгі колонтитулға орын ауыстыруға арналған Жоғарғы/төменгі колонтитул (Верхний/нижний колонтитул) батырмасын басыңдар, ал содан кейін мәтін немесе графикалық элемент енгізіңдер.
Қажеттілік кезінде Форматтау аспаптары тақтасында орналасқан батырманың көмегімен мәтіндерді форматтаңдар.
Колонтитулдарды дайындауды аяқтағаннан кейін Колонтитулдар аспаптар тақтасындағы Жабу (Закрыть) батырмасын басыңдар.
Бағандар
Мәтіндер газет бағандарында сол бір бетте бір бағаннан екінші бағанға жалғасады.
Газет бағандарын дайындау үшін:
Газет бағандарына жіктеуді талап ететін мәтінді ерекшелеңдер.
Аспаптардың Стандарттық тақтасында Бағандар (Колонки) (Колонки) батырмасын басыңдар.
Маустың көмегімен бағандардың керекті санын көрсетіңдер.
4. Жаңа материалды бекіту
Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
5. Сабақты қорыту
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: жоғарыда келтірілген кестелер көмегімен мысалдар құрастыру.
Оқытушы______________Ш.И.Рустамов
ПЦК төрағасы__________К.К. Убаев
Достарыңызбен бөлісу: |