2-ДЕҢГЕЙ ТРЕНЕРІ ПОРТФОЛИОСЫН БАҒАЛАУ Портфолионың титулдық бетінде тренер қысқа, алайда маңызды ақпарат келтіруі керек:
• мұғалім және/немесе тренер ретіндегі кәсіби тәжірибесі;
• қазіргі кезде қызмет жасайтын орны;
• қазіргі қызметі және міндеттері;
• оқытқан және бағалайтын тобы жайында қысқаша мәлімет.
Тиімділік критерийлері мен стандарттарға сәйкестігін айғақтау үшін тренер портфолиосында келесідей дәлелдеме-құжаттар болуы қажет:
№
Құжат атауы
Көлемі
Мерзімі
Портфолио бағалау критериилері
А А1
Түйінді идеяларды білуі мен түсінуі Коучинг сабағының екі жоспары Коучингтің екі сабағы бойынша рефлексивті есеп:
мәнмәтінде (мектепте мұғалімдердің кәсіби дағдыларын анықтау) бағдарламаның түйінді идеяларына сүйенудің негіздемесі берілген коучингтің екі сабағы бойынша рефлективті есеп (әрқайсысында 750 сөз);
- өткізілген коучингтің сипаттамасы;
- коучингтің мықты және әлсіз жақтарын талдау;
- қарастырылған идеялар бойынша коучингке қатысқан мұғалімдердің оқуын бағалау;
коучинг тәжірибесін жүзеге асыру аясындағы тренердің өзінің оқуы жайындағы рефлективті есебі (1000 сөз)
2500 сөз
Есептерде коучтің, мұғалімнің қажеттіліктері коуч сабақтарында орын тапқаны түсіндірілген бе?
Тапсырмаларды орындау үдерісі көрсетілген бе және коучинг сабақтарының оқу міндеттері қалыптасқан ба?
Коучингтің мықты және әлсіз жақтарын бағалауы көрсетілген бе?
Коучинг сабақтары нәтижесінде мұғалімдер оқығанының дәлелдемелері келтірілген бе?
Есептерде мұғалімдердің оқуын жақсарту мақсатында коучинг практикасында өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар келтірілген бе?
Идея туралы коучинг өткізген соң тренер не түсінгені жайлы түсіндірді ме, коучинг сабақтарында қарастырылғандары туралы, мұғалімдердің оқуы туралы, ересектердің коучингі туралы, өзің ұстаз ретінде болашақта өз коучингін жетілдіру туралы түсіндірмелері бар ма?
А2
Бір әріптесімен (тәлім алушы) менторинг үдерісі жайындағы талдамалы (аналитикалық) есеп, оның ішінде: • қажеттіліктерді анықтау: екінші деңгей бағдарламасы идеяларына қатысты әріптесінің кәсіби дамуының қажеттіліктері қандай болды (коучинг сабағында қарастырылған идеяларды талдауға болады);
• менторинг шартына байланысты берілген ұсыныстар, бақылау нәтижелері, кері байланыс;
• менторинг табыстылығын бағалау;
• тәлім алушымен жұмыс нәтижесінде өзінің оқуы, яғни менторингтің тиімділігі.