Павлодар облысы, Лебяжі ауданы ,Майқарағай жалпы орта білім беру мектебі
Бастауыш және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Смагулова Алтынай Мақсұтқызы
Сабақ жоспары
Тоқсан ІІІ
|
Күні 22.01.2015
|
Сабақ 2 сабақ
|
Тарау
|
Жер ғарыш денесі
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ғарыш дегеніміз не?
|
Сілтеме
|
Дүниетану оқулығы, К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, Қ.Аймағамбетова. Алматы «Атамұра», 2011 ж.
|
Жалпы мақсаты
| -
Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.
-
Тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлауды үйрету арқылы ой өрісін дамыту.
-
Оқушылардың аспан денелері туралы қарапайым түсініктерінің болуын қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту.
|
Күтілетін нәтижелер
| -
Ғарыш әлеміне сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.
-
Жеке ойларын ортаға сала алады.Топқа ойын еркін жеткізе алады..
-
Сабақ соңында оқушылар ғарыш әлемі туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
-
Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.
|
Сабақ түрі
|
Аралас сабақ
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:
−Жеке, жұппен, топпен жұмыс;
−Ой қозғау;
−Диалогтік оқыту;
|
Керекті жабдықтар
|
Интербелсенді тақта, суреттер, үлестірмелік карточкалар, маркер, стикер т.б.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының іс - әрекеті
|
Модульдер көрінісі
|
Топқа бөліну
Сергіту сәті
|
3 минут
|
Психологиялық ахуал туғызу.
Амандастыруды ұйымдастыру.
Реттік сандар арқылы топқа бөлу
|
Қәне, достар, тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Жақсы жақсы тілектер
Бір бірімізге сыйлайық
Қуанышпен, шаттықпен
Сабақты біз бастайық
4 топқа бөлінеді (5 оқушыдан) №1,2,3,4
|
АКТ
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
2 минут
|
Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау
-
Орман-тоғайдың адам үшін маңызы қандай?
-
Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?
-
Ылғалы мол батпақты бөгетті не деп атайды?
|
Топтардың шешімі бойынша айту
спикер
|
ОЖТ (ДО)
КБ
|
Білу
|
7 минут
|
Жаңа тақырыпқа бағыттау
Уяж туғызу
- Қалай ойлайсындар неге мен сендердің алдарына зымыран макетін қойдым ?
Бүгінгі сабақтың тақырыбымыз қандай болмақ?
Ойланып, анықтандар.
Миға шабуыл
«Ғарыш» сөзіне ассоциация (оқушылар пікірін тыңдау).
- Ғарыш туралы не білесіңдер?
Бейнеролик «Сең білесің бе?»
Кеңес беру
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа шығады.
Әр оқушы дәптерге жазады.
Топтың ішінде пікір алмасады, талқыға салады, ауызша атайды.
|
АКТ
СТО
|
Түсіну
Қолдану
|
6 минут
|
Мәтінді оқу (оқулықпен жұмыс)
Мәтіннен жаңадан не білдім?
Түсігін анықтау үшін сұрақтар қойылады.
Слайд №
-Тұңғыш жер серігі қашан ұшырылды?
-Тұңғыш ғарышкер кім және ол қашан ұшты?
- Қазақ ғарышкерлері туралы не білесіңдер?
-Ғарышка ұшу кезінде космонавт киетін киім қалай аталады?
-Ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін маңызы қандай?
Жердің Әлемдегі орнын қалай өрнектеуге болады?
|
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды.
Топтың ішінде пікір алмасады, талқыға салады, ауызша атайды
Жер шары - Күн жүйесі - Галактика - Галактикалар тобы - Ғарыш, Әлем
|
СТО
ДО
|
5 минут
|
Мәтінді талдау мақсатында деңгейлік
тапсырмалар беріледі
-
деңгей: Сөйлемдерді толықтыр:
-
-
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен________________ жұлдыз көрінеді.
-
Барлық ғаламшарлар Жер сияқты Күнді____________ жүреді.
-
«Ғаламшар»(планета) сөзі, грек тілінен аударғанда______________ білдіреді.
2 деңгей: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың аттарын сызбаға жаз.
3 деңгей: Төмендегі сөздерге анықтама бер.
Ғаламшар (планета) -
Ғарыш-
Жұлдыз-
Жұлдызды аспанды зерттейтін ғылым-
|
Оқушылар ұсынылған деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Түсінгендерін дәлелдейді. Қорғайды.
1)жеке оқу,
2)топта әңгімелейді.
3)өз пікірімен бөліседі.
4)әр топтың спикері сөйлейді.
|
ЖЕ
ДО
|
Талдау
|
10 минут
|
Шығармашылық тапсырма:
Әр топқа маркер, а3, ғарышқа байланысты сурет бере отырып, тұжырымдама жасауларын ұсыну.
Мәтіндегі негізгі сөздерді пайдаланып, мазмұнына қысқаша сызба жасау.
«ТжД» балаларға - «Басқа планетаға хат жазу»
жазуға ұсынылады.
|
Әр топ мәтін бойынша негізі тұжырымды сөздер арқылы ақ қағазға түсіріп топтастырады
Жұптық, топтық жұмыс ұйымдастырылады
|
ТДО
|
Жинақтау
|
5 минут
|
Интербелсенді тақтада тест көрсетіледі. Әркім өзі іштей оқи отыра жауаптарын белгілейді
|
Оқушылар тестті оқи отырып, жауаптарын жазады. Критерийлері бойынша сол көршіңді бағалау жұмысын жасайды.
|
АКТ, СТОҮ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
|
Бағалау
Кері байланыс
Үй тапсырмасы
|
5 минут
2 минут
|
Бағалау критерииі арқылы бағалау
Ғарышкерлер туралы қосымша ақпараттар жинап әкелу. Ғарышкерлер жайында жазылған кітаптар тізімін жасау, альбом құрастыру.
|
|
ОүБ ОБ
|
-
қосымша
1 – топ
Тоқтар Әубәкіров Оңғарбайұлы – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. 1991 жылы « Союз ТМ -13 » кемесімен 2 қазанда ұшты.1962-65 жж Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін(1976ж) Мәскеу авиация институтын бітірген.( 1979ж) 1991 жылы10 қазанда Жерге оралды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.
-
топ
4 жылдан соң 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы (ұзақтығы 127 тәулік) ұшты. Ол ғарышта екі рет болды. 1987 жылы АН-2 ұшағының 2- пилоты,командирі болды. 1991 жыл « Ғарышкер –Сынақшы » оқуын бітірді. Ғарыш станциясында ғарышкерлер зерттеу жұмысын жүргізеді.Ғарыш айлағ ы – бұл зымыран , ғарыш серігі мен үлкен ғарыш кемесі ұшырылатын орын.
-
топ
Бірінші ғарыш серігі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесі ұшырылды. Орбитаны бойлай ұшқан ең алғашқы адам- кеңес ғарышкері 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Алексеевич Гагарин болды. .Ол 108 минут ғарышта болып, рекордтық көрсеткіш көрсетті.
4-топ.
Ғарышкер, астронавт – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер ( ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы,шу,діріл,үдеу т.б әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі т.б ) керек екен.
2- қосымша
Тест
-
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?
А) Тоқтар Әубәкіров
Ә) Талғат Мұсабаев
Б) Юрий Гагарин
2. Ең алғаш 1961 жылы 12-ші сәуірде әлемге ұшқан адам-?
А) Тоқтар Әубәкіров
Ә) Юрий Гагарин
Б) Талғат Мұсабаев
3. 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне ұшқан адам ?
А) Юрий Гагарин
Ә)Талғат Мұсабаев
Б) Тоқтар Әубәкіров
4. Алғаш ұшқан ғарыш кемесінің атауы?
А) «ТУ-134»
Ә) «Восток»
Б) «Союз ТМ-27»
5. 1987 жылы АН-2 ұшағының 2- пилоты,командирі кім болды?
А) Юрий Гагарин
Ә)Талғат Мұсабаев
Б) Тоқтар Әубәкіров
Дұрыс жауаптар:
1.А
2.Ә
3.Б
4.Ә
5.Ә
Бағалау критерийлері
«5»- мүлдем қате жоқ
«4»- 1 қатесі болса
«3»- 2 қатесі болса
Достарыңызбен бөлісу: |