Қорытынды бағамдау.
Қандай екі нәрсе табысты болды ?
1.Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында алынған «Жапон әліппесі» жаттығуы табысты болды.Осы жаттығудан кейін барлық оқушылардың қызығушылықтары артып, жақсы көңіл-күймен сабаққа қатысты.
2.Психотерапевтикалық ертегі «Қисайып кеткен ағаш» әдісі. Жағымды дұрыс өмірлік ұстанымын таңдай білуіне жол ашу үшін алынған әдістеме еді.Осы әдістеме барлығына қатты ұнады.Оны өз сезімдермен бөлісіп, ертегіге талдау жүргізу арқылы постер қорғауда өте жақсы түсіндіре алды.
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту
мен оқуға қатысты)?
1.«Өз жүрегіңді тыңда». жаттығуында он арманға дейін жазып, олардың маңыздылығын көрсетіп және жылдарға бөлу кезінде оқушылар өз армандарын жақсы айтып шықты.Кейбір оқушылар жазғандарын көпшіліктің алдында ашық айтуға қысылды.Өз ойларын ортаға салудан қиналады.
2. «Жағымды – жағымсыз» тренингін өтуге уақыт жетпеді.Себебі оқушылар өз ойын ашық айту үшін көп уақыт кетті.Жылдам әрі нақты ойларын көпшілігі айта алмады.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі
сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
Бұл тренингті өткеннен соң менде мынадай ой қалды.Мінезі ашық,ойын анық,ашық айта білетін оқушылар өмірдеде солай ештеңеден тайсалмай қиыншылықтарды жеңіп шығады.Өзінің ашық айталмай қысылатын оқушылармен көбірек жұмыс жүргізу керек.Жалпы мен жоспарлаған тренингтерімдегі саралау шаралары тиімді болды.Ашық түрде айтпағанмен жазбаша жазып отырды.Мен күтпеген оқушыларымнан өте жақсы армандаулар есітіп,қуандым.
|