Айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактивті кедергілер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
- орташа квадраттық және максималды мәндерді ажырата білу және есептерді I=Imax/√2 және V=Vmax/√2 теңдеулер арқылы шығару
- активтік жүктемедегі бөлінетін орташа қуат синусоидалық айнымалы тоқтың максималды қуатының жартысына тең екендігі туралы қорытынды жасау;
-конденсаторы бар айнымалы тоқ тізбектерін есептей білу;
-индуктивтілік катушкасы бар айнымалы тоқ тізбектерін есептей білу.
актив кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі ток күші мен кернеу тербелістерінің фазалық арақатынасын біледі және векторлық диаграммада көрсете алады;
актив жүктемедегі орташа қуаттың формуласын қорытып шығарып, қорытынды жасай алады;
актив кедергі, сыйымдылық және индуктивтік кедергілері бар айнымалы ток тізбегінің схемасын сыза алады;
сыйымдылық және индуктивтік кедергілерінің айнымалы ток жиілігі мен сыйымдылық және индуктивтікке тәуелділігін біледі және оларды есептер шығаруда қолдана алады;
сыйымдылық және индуктивтік кедергілері бар тізбектегі ток күші мен кернеу тербелістерінің фазаларының айырмасын векторлық диаграмманы қолданып бағалай алады.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру. Сыныпты үш топқа бөлу:І топ, ІІ топ, ІІІ топ Топ ережесі. Өз араларында идеялармен, ақпараттармен белсенді бөлісу