4-тапсырма
Электромобильдерді шығару үшін қандай ресурстар мен факторлар қажет екенін ойлап көріңіз.
Бірінші электрокарды нарыққа шығару үшін Маскке 140 миллион доллар қажет болды. Ол жабдықтаушылардың тізімін, өндірістік технологияларды және автомобильдердің негізгі бөлшектерін толығымен қайта қарау керектігін түсінді. Tesla жобасының жетістікке жетуіне көпшілігі сенбегенімен, компания тек бір деңгейде қалып қана қоймай, сондай-ақ табысты даму үстінде. 2017 жылы Tesla әлемдегі алғашқы электрлі жүк көлігін шығарды. Жүк көлігі батарейінің бір заряды 800 км-ге жетеді және оның өмірлік циклі – 1 млн. шақырым.
Энергияға үнемді технологиялар Маск бизнес-жоспарларының бір бөлігі болды. 2006 жылы тағы бір жобаны – күн энергиясы жүйелерін жобалау, өндіру және орнату бойынша SolarCity компаниясын іске қосты, онда қазіргі уақытта 13000 адам жұмыс істейді. Компанияны құру мәселесіне «Біздің әлемімізде қандай пайдалы нәрселер жетіспейді?» деген сұрақ тұрғысынан қараған жөн. Пайда табу үшін жай ғана кәсіпкер болу жеткіліксіз», – деген тұжырым жасайды Маск.
Енді Маск табиғи ресурстарының тізімі Күн энергиясына дейін кеңейді. Пайдалы қазбаларды өндірудің орнына, Маск біздің ғаламшарымызда молшылықтағы күн энергиясы технологиясын дамытады. Масктің алып күн аккумуляторлары тұтас қалаларды электр қуатымен қамтамасыз етуге қабілетті. Ол 2040 жылға қарай энергияны әлемдік тұтынудың 40% күн энергиясынан алуды жоспарлап отыр.
Масктің қарапайым ресурстарды және өндіріс факторларын қайта қарау туралы идеялары шексіз. Марсты отарлаумен, Күн энергиясының есебінен экологиялық таза электрокөліктер мен қалаларды дамытумен қатар, ол Hyperloop жобасын - 1000 км/сағ жылдамдықтағы жолаушыларды тасымалдауға қабілетті көлік жүйесін әзірлемекші. Оның тағы бір стартап жобасы – «The Boring Company» - мегаполистерде жер асты құрылымын жасайтын және Hyperloop жылдам жүретін пойыздарын дамытуда көмекші қызмет атқаратын бұрғылау-құрылыс компаниясы.
Оның OpenAI жобасы жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған, ал Gigafactory 300 000 шаршы метр аумақта литий-ионды батарейлерін шығарады.
Өндіріс факторлары мен ресурстарын
көрсете отырып, Илон Маск олардың бизнессызбасын өзгерте отырып, өз стартаптары үшін
бұл тізімді әр уақытта қайта қарайтындығына
назар аударыңыз. Әрбір жаңа бизнес үшін
Илонға өндіріс технологиясын қайта ойлап
табуға тура келеді, өйткені бұл іспен оған дейін
ешкім айналыспаған, яғни автокөліктің сырт
көрінісін ғана емес, оны өндіру үшін жаңа станоктар, энергия жұмсаудың жаңа технологияларын және т.б. ойлап табудан бастауға мәжбүр.
Бұған қоса, оқушылардың назарын Илон Маск
электр энергиясының стандартты емес көздері
— автокөліктерге арналған отын, күн батареялары және т. б. сияқты электр энергиясы есебінен ресурстар тізімін белсенді кеңейтетініне
аудартыңыз. Яғни, ол ресурстардың стандартты
тізімімен шектелмейді және оны дерек ретінде
қабылдамайды, оны үнемі жаңа идеялармен
толықтырады
|